танысады. Кейін сол атақты ғалыммен бірге Жетісу бойына әлденеш е рет
саяхат жасайды. Алакөлден бастап, Іленің құйған сағасына дейін кең алқап-
ты аралаудың да сәті түседі.
Кадет корпусында оқып жүргенде бойындағы білімі ж әне зеректігімен өз
қүрдастарынан асып түскен Шоқанға ұстаздары, әсіресе Гонсевсий қатты
таңғалатын. Сондықтан ол Шоқанды жексенбі күндері өзін ің үйіне алып
кетіп, бай кітапханасымен таныстырады. Тілге деген талабы мен қабілеттігі
арқасында ол неміс, француз тілдерін де үйренеді. Гете, Шиллер, Мольер,
Шекспир мен Байрон шығармаларын құмарта оқыды. Ш оқанның он бой-
ындағы зерделі ақыл, тапқыр-ой мен көпш ілдігіне үстаздары қайран
қалатын.
1851 жылы қырғыз шәкірттерге жаңа саяси тарихты оқытпау ж әне олар-
ды арнайы класқа бөлмеу, әскери тәртіпті де үйретпей, оларды бір жыл ерте
бітірту жөнінде Петербургтен берген нүсқау келді.
Ресейдің патшалық өкіметі қиырдағы қазақтарға сенімсіздікпен қарады.
Өйткені, бөтен діндегілер оқып-тоқып біліммен қаруланып, сол өзі берген
қаруымен Ресейге қарсы күресіп, оқ атып шыға келетінін сезді.
Кадет корпусын бітіргеннен кейін Ш оқанның айналасындағы достары
көбейді. Капустин үйінде жиналатын жастар қоғамының ортасына ол өз
үйіндей еркін кіріп, жиі баратын. Ондағы жиналғандар Шоқанның жанына
жақын ізгі тілектестер еді.
1853 жылы жетпіс жасында сүйікті әж есі Айғаным дүнпе салды. Оныц
жаназасына халық көп жиналды.
И ә, ен дала тарихында елге аса ардақты, Айғанымдай опелдер Түранныц
әр к езең дер ін д е көп болған ж оқ. Қаніш ер К ирдіц басын кесіп алып
“іздегенің қан болса, іш !” деп, қан толған торсыққа батыратын сақтардың
ұлы патшасы Томирис, халық есінде қасиетті ана болып қалғап Домалак ана
(Нүрила), Мухаммед Хорезмшахтың анасы сынды аналар бәрімізге аян.
|