Жоғарыда айтқанымыздай, Уәлихановтың үйелменіне император Алек сандр І-нің өзі тікелей қамқор болып отырды. Әлгі патша жарлығымен салынған жер шоқтығы, сұлу Сырымбеттегі үйде Шоқан туған деп жазған орыс саяхатшысы П. П. Семенов-Тянь-Шанскийдің пікірі де бар. Ш оқанның балалық шағы қазіргі Қостанай облысындағы Құсмұрында өткен. Кейін ата-анасы өздерінің байырғы ата-мекені Көкшетауға көшкен. Шоқан әуелі ілімін қазақ мектебінде алады. 1847 жылы 12 жасар Ш оқан Омбы қаласындағы Батыс-Сібір кадеттік корпусына қабылданады. Хан ұрпақтарының дәстүрінде бірнеше тілдерді білу міндеттелген. Жаратылы- сынан зерек Шоқан бала кезінің өзінде-ақ араб ж әне шағатай, кейінірек Орта Азиядағы түркі тілдерін де меңгерді. Ш оқан кадеттік корпуста қатардағы отбасылар мен басқа жат
128 А санбай А С Ң А Р О В жерліктердің балаларымен бірге екінші бөлімде оқыды. Оқу бағдарлама- сындағы барлық пәндерден үлгерімі де жақсы болды. Потаниннің пікірінше, Шоқанның білімі бірге оқитын құрдастарынан ғана емес, жоғары кластағы- лардан да көш бойы озық болған. 1853 жылы Шоқан кадет корпусын бітіріп, Сібір жүйелік казак-орыс атты әскер полкында корнет атанып, кеңсе қызметінде қалып, Батыс Сібір генерал-губернаторы Г X. Гасфорттың адьютанты болып тағайындалды. Ол тек Батыс Сібір ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның Оңтүстік Шығыс өлкесін зерттеумен айналысты. 1856 жылғы экспедиция құрамында жүріп манасшылармен кездесіп, ұлы эпос Манасты жазып алады. Қырғыздардың бұл телегей теңіз дастанын түңғыш зерттеген, өзге елге таныстырған кезде Шоқан небәрі 21 жаста екен. Шоқан 1856 жылы Гутковскийдің үйінде Семенов-Тянь-Ш анскиймен