шақырды. Бұл, әрине, әдейі жасалған айла еді. Өйткені ол кезде болшевик- тер барлық билікті қолдарына ұстап тұрды. Партияда жоқтар биліктен тыс калады. Осы жылдары С.Сәдуақасовтың дүние танымдық көзқарасы күрт өзгеріп, ол маркстік партияның мүшесі атанды. Бұл жерде ерекше атап айтатын жәйт, С.Сәдуақасов басшы партияның 11-1574
162 А санбай А С Ң А Р О В қатарына өткенімен, бірақ өмірінің соңына дейін демократтық көзқараста қалды. Ол тап күресінің жолында емес, жалпы ұлттық асыл мұрат пен “Аза- маттық келісім” ізгілігіне бар ғұмырын арнады. Смағұл Сәдуақасовтың социалистік құрылыс жөніндегі көп мәселелерде өзіндік озық көзқарасы болды. Ол Ф.И.Голощекин ж әне басқа да республи ка басшыларының ой-пікірлерімен келіспейтінін ашық білдірді. М әселен, байлардың жеке мал-мүлкін талауға can тәркілеп, көшпелі ша- руашылықты жедел түрде әрі жаппай отырықшылыққа айналдыруға үзілді-кесілді қарсы шықты. Смағұл Садуақасовтың өр кеуделі күрескерлігі кеңес басшыларының да қытығына тиді. Ол “К еңес үкіметі мемлекеттік аппаратты ж ән е өндірісті басқаруға тұрғын халықтың өкілдерін қатыстырмай патшалық отарлау сая- сатын жалғастырып қитұрқылық жасап отыр” деді. Сондай-ақ, Орталық басшылық біздің өлкеміздегі өзіміз дайындап шыға- ратын өнеркәсіп кәсіпорындары мен түрлі құрылыс орындарын одақтык шикізат базасына айналдыруға болмайтынын ескертгі. Смағұл Садуақасов- тың көрегендігі де сол, Қазақстанның шикізаттарын өзін е жақын жерде өндіріп, дайындауды ұсынды. Оларды қайтадан шығынданып, көлікпен та- сымалдап әуре болмау жөнінде жан-жақты ойлау керектігін қатаң ескерггі. Смағұл Садуақасов қазақ халқының тарихында аса көрнекті саяси ж әне