масыншы жылдардың аяғы мен отызыншы жылдардың басы еді.
Д әл осы тұстарда қазақ әдебиетінің кеңестік дәуірінің негізі қаланды.
Сәкен де осы дәуірге өзінің өшпес, өлмес, өміршең, шынайы шығармалары-
мен өл ш еусіз үлес қосты. Ол поэзия мен драматургияның жаңашыл
жампозы атанды. Қазақ халқының байырғы жыр дәстүрін сақтай отырып,
заман талабына сай жаңа тақырыптарға арнап өлең-жырдың түрін, мәнін,
мазмүнын өзгертіп, байыта түсті. С әк ен бұл шығармаларын кеңес
өк ім етін ің алғашқы к езең дер ін е арнады. К үрес пен тартысқа толы
оқиғаларды оқырмандарға көзбен көріп, бастан кешірген шынайы көзқара-
сымен ж еткізе білді. Ол қазақ көсем сөзіне де көп үлес қосты. Ә сіресе,
қазақ әдебиетінің інжу-маржан үлгілерін жинап, оларды бастыруға қамқор-
лық жасап, ғылыми жүйемен талдап, зерттеу еңбектер жазды.
С әкен С ейф уллиннің дарынды шығармашылығы нағыз толысқан ша-
ғында күрт үзілді. Күрескер революционер, атақты ақын, шебер жазушы, ірі
ғалым, қоғам қайраткері - өз елінің ержүрек адал ұлы “халық жауы” деген
жалаға ұшырып, атуға бұйырылды.
С әк ен н ің өмірдегі, әдебиеттегі тар жол тайғақ кешуі мен қызығы мол
жылдары көп болды. Оның ардақты есімін ұрпагы ұмытпайды.
Үлы Түранның Үлдары
161
СМАҒҮЛ САДУАҚАСОВ
1900-1933ж .ж .
Смағұл Садуақасов есімі XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстан
елінің қайсар тұлғалы қайраткерлерінің қатарында аса құрметпен аталады.
Ол жиырмасыншы жылдары өзін ел қамын ойлаушы көрнекті мемлекет
қайраткері әрі көреген саясаткер ретінде таныта білді.
1924-1927 жылдарда ол маңызды мемлекеттік қызметтерді атқарды. Атап
айтқанда, оқу-ағарту халық комиссары, Өлкелік партия комитетінің бюро
Достарыңызбен бөлісу: |