Асанбаи асқаров үлы түраннын үлдары «НҮрлы әлем»


жібергенімен, партияның басты бағытынан таймағанын жасырмады. Ол ба­



Pdf көрінісі
бет215/299
Дата19.08.2023
өлшемі27,11 Mb.
#179883
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   299
Байланысты:
ҰЛЫ ТҰРАННЫҢ ҰЛДАРЫ

жібергенімен, партияның басты бағытынан таймағанын жасырмады. Ол ба­
ска ешбір партияны мойындамады.
Түркістан—Тұран йен жайлаған түркі халықтарының ортақ шаңырағы
болды. Сондықтан олардың бөлектенуіне болмайтынын, ондағы жергілікті
жағдайды міндетті түрде айырықша ескеру қажеттігін талап етті.
Т Рысқұлұлы өз халқының қайғы-қасіреті мен мұң-мүқтажын жоқтады.
1933 жылы Тұрар қатігез Сталинге аштықтан шыбындай қырылып жатқан
қазақтардың ауыр халін айтып хат жазды. Шақыруын күтпей-ақ, қайсар
Тұрар қаһарлы Сталинмен кездесуге ұмтылды.
Тұрардың осы тайсалмас талаптарынан соң Қазақстанға азық-түлік
көмегі туралы мәселе шешілді.
Қазақ жеріндегі бай-кулактарды тәркілеу мен күштеп үжымдастыру ха-
лықтың ең басты күнкөрісі— малынан айырды. Тігерге тұяғы қалмаған
халық ауыр нәубетке ұшырады. Ел ішін 1932-1933 жылдары аштық жайлады.
Қазақ халқы жойылып кетудің аз-ақ алдында тұр еді. Осы қайғылы касірст-
тің шындығын айтуға Тұрардан басқа ешбір қайраткердің батылы жетпеді.
158
А санбай А С К Д Р О В


Т. Рысқұлұлы Тұранның тәуелсіз, дербестігін қалады. Оның бұл идея-
сын Орталық басшылары қабылдамады. Ондай бірлік пен дербестілікті
сақтау Ресей болыневиктерінің іс-жоспарында да жоқ еді. Осы озық ойлы
пікірлері мен адалдығы, табандылығы үшін оған халық жауы деген жала жа-
былып, жазықсыз атылды.
Қ азір, арада жарты ғасыр өткен соң , ойлап отырсаң осындай адам
төзгісіз қиянатқа ұшыраған қазақ халқының қалаулы өкілдерінің тағдыры-
на жаның ашып, ж үрегің сыздап, ауыр ойға қаласың. Егер бұл ардагер
арыстарымыз қасіретке ұшырамаса, ел үшін қаншама игілікті істер жасап
үлгерер еді-ау! Тұрар Рысқұлұлы сол аз ғұмырының өзінде туған халқы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   299




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет