бойлы, ашық жанарлы, арық кісі. -С ә л е м е т пе, бауырым. Сен Имекең ақсақалдың баласысың б а ? - деді салған жерден. Түрі таныс сияқты, бірақ қайдан көргенімді білмей таңмын. - И ә , Имантайдың үлы Қанышпын дедім. —Е, ендеш е мен Сұлтанмахмүт Торайғыровпын. Егер уақытың болса, кешкісін үйге келіп кет, — деп мекен-жайын айтты. —Жақсы, Сұлтеке келем, — дедім. Кеш кісіь ел орынға отырған шақта үйіне бардым. Бір татардың үйінде пәтерде тұрады екен. Үстел үсті толған қағаз, кітап. С ұлтекең м енің келгеніме куанып қалды. Ақынның өзі де көкірек дертімен қатты ауырып ж үргенін байқадым... Осыдан кейін біз тағы екі рет к ездестік . Соңғы жүздескенде “өз арманынды үмытпа,- деді қоштасып. —Оған тек біліммен ғана қол жеткізесің, сол ізгілік арқылы болашаққа жол ашылады, әрине, оқу-білім үшін мықты денсаулық керек. Қанатсыз қыран биікке самғай ал- майды!” Қазан айының аяғында Қаныш Баянауылға жол тартты. Қыс бойы кымыз ішіп қуаттанды. Көктемде өзін сергек сезінді. Емшектес бауыры
172 А санбай А С К Д Р О В Нұрлан екеуі Семейге оралды. Емтиханын жедел түрде тапсырып, семина- рияның толық курсын тамамдады деген аттестат алды. Бірақ ол аттестатпен жоғары оқу орнына қабылдамайтынын білген Қаныш мұғалімдердің екі жылдық курсына оқытушылыққа орналасты. Әрі институтқа түсуге даярла- нып жүрді. Ж аз бойы емтихан тапсыруға әзірленді. Томск қаласындағы политехникалық институттың тау-кен факультетіне түскісі келді. Бірақ сы- рқаты оның ой-жоспарына кесірін тигізді. Ауыр дерті асқынып, біржола төсек тартып жатып қалды. Ол туралы Қаныш өзінің қолжазбасында былай әңгімелейді: “Сіздерге ұсынылып отырған оқулық 1919 жылы жазыла бастаған еді.