әртүрлі кәсіппен айналысуын бар ниетіммен тілеймін...”
Қаныш ауылдағы құрбы-құрдастарының арасында ерекше бала болып
өсті. Оның бойы аласа болса да ойы терең, зерделі еді. Жанұядағы кенже ұл
болғандықтан оны үй шаруасына көбірек жұмсайтын. Бала кезден осыған
әдеттеніп, ойыннан гөрі, тілалғыш, пысық болды. Әр іске келгенде тынды-
рымды еді. Оған ауыл басшысы болған әкесі Имантайдың да ізгілігі эсер
етті. Қатал әке елді де ішіндегі жұртты да берекетгі тірлікке бейімдеп:
170
_________ А санбай А С К А Р О В
—Бейнеттен кісі өлмейді, қайта болаттай бекем болады! — деп үлкен-
кішіні игі іске жұдырықтай жұмылдыратын. Имантайдың өмірдегі ең басты
мақсаты — адал еңбек, мандай тер еді.
Күн үзақ ауыр бейнеттен соң ауыл адамдары бір сәт бел жазып, кешкісін
кең үйге жиналып, таң атқанша әңгіме соғатын. Ақыл-кеңес айтылып, со-
ңында сонау тылсым замандағы ұзын-сонар аңыз-әңгімелер де шертілетін.
Даланың ауызша тарихы, батырлар жыры, дастан мен хикаялар да таусыл-
майды. Осыларды бала ш іркіндер аузын ашып, құлақтары қалқиып,
көкіректеріне құйып, жүректерінде жаттайтын.
С ондай құйма құлақ, зерделі Қаныш өзге бала достары ннан өрелі,
зейінді болып өсті. Айнала мен тіршілікке, өмірге құштарлық, соны ұғып
білуге іңкәрлігі туралы академик Әлкей Марғұлан былай деп еске алады:
“Қаныш Имантайүлы әкесінің өнегесімен бала кезінен араб, парсы тіл-
дерін үйренді. Хафиз, Сағди, Науаи өлеңдерін жатқа білді. Жастайынан
жадында қалған осы ақындардың ғажайып өлең жырларын курорттарда ко
лы бос демалыс сәттерінде тамылжытып жатқа айтатын сұңғылалығы бар”
1914 жылы Қаныш Семей педагогикалық семинариясына түсті. Ол кезде
Достарыңызбен бөлісу: |