отауын бөлек тіккен кезде, оның президенті болып сайланды. Жарты жыл өткен соң КСРО Ғылым Академиясының толық мүшелігіне өтті. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев - елімізде геология ғылымын өркендетуге өлш еусіз үлес қосқан үлкен ғалым. Ғұлама ғалымның атқарған қоғамдык жұмыстары да орасан. Үлкен Жезқазған кенін зерттеу, Сарыарқаның гео- логиялық картасын жасау — аса маңызды туындыларының бірі. Сәтбаевтың тікелей басшылығымен Қазақстанда түсті ж әне қара металлургия ошақта- ры зерттеліп, іске қосылып, ел игілігіне айналды. Оның бастамасымен
Үлы Тұранның Үлдары 175 Қарағанды металлургия заводының құрылысы басталып, Ж езқазғанны ң кенді қазбаларын одан әрі байыту істері қолға алынды. Ол өндіргіш күш терді өсіруге, минералдық шикізаттарға бай аймақтарды зерттеуге үлкен көңіл бөлді. Атасу темір-марганец кендерінің негізінде Қарағанды облысында қара металлургияны дамыту жөнінде мәселе көтерді. Ж езқазғ- ан-Үлы тау аймағында мыстан басқа темір, ж ез, марганец пен көмір кендерін ашты. Сәтбаевтың жетекшілігімен ғылымның геология саласы қарыштап қанат жайды. Ғылымның ең соңғы жетістіктері өндіріс тәж ірибесіне енгізілді. Т әж ірибеде тексерілген даусыз деректер жинақталып, қорытындыланды. Кейбір теориялық қағидалардың өзіне батыл өзгерістер енгізді. Сәтбаевтың қолдауымен 1948 жылы Алматыда Орта Азия геофизика тресі ашылды. 1956 жылы Қазақ КСР Геология ж әне жер қойнауын қорғау министрлігі ұйым- дастырылды. Академик Сәтбаевтың ауыр өн ер к әсіп тің материалдык базасын нығайтудағы ересен еңбегін бүкіл елі мақтан етеді. Ғұлама ғалым Қазақстан мәдениеті мен өнерінің, әдебиетінің зор қамқоршысы, ақылшы- сы болды. Ол атақты ғалымдар И. П. Бардин, И. И. Мещанинов, М. Келдыш,