Геология-минералогия ғылымдарының докторы Патшайым Тәжібаева былай деп еске алады: “Қаныш Имантайұлымен естен кетпес алғашқы кездескен күнім 1942 жылдың күзі еді. Ол кезде Орта Азия индустриалды институтының тау-кен факультетінің аспиранты едім. Мен онымен институт директорының үлкен кабинетінде жүздестім. Қарсы алдымда сүйкімді жылы жүзінен мейірім есіп тұрған үлкен кісі отырды. Маған үлкен үмітті жанарымен жымиып, өтінішімді қабыл алды. КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалына аспирант етіп ауыстыруға өзінің ыстық ықыласын білдірді” 1942 жылы Қаныш Сәтбаев екі монография жариялады. Оның бірі “Қазақстан мен Кеңестер Одағындағы мыс құмдақтары”, екіншісі “Қазақ- станда қара металлургияны дамытудың м үм кіндігі” туралы. Соғыстың алдында “Ж езқазған ауданындағы кен орындары” деген маңызды еңбегі жарыққа шықты. Осынау терең ғылыми-зерттеу жұмыстар циклы үшін 1942 жылы Сталиндік сыйлықтың иегері атанды. 1946 жылы “Казахстанская правда” газетінде “Ғылымның даму тарихы дәлелдегендей, нағыз игілікке айналатын ой-мұраттар ғылымның дәйектілігіне негізделген жерде туады, ол ғылыми тұрғыдан аса тыңғылықты талдау жасалып, терең зерттеліп, ма- ңызды қорытындыланады” деп жазды. Сәтбаев соғыс жылдарында КСРО Ғылым Академиясының Орал, Батыс Сібір ж әне Қазақстанда табиғи ресурстарын жұмылдыру жөніндегі комис- сияны ң, 1942 жылы КСРО Халық К ом иссарлар К ең ес ін ің геология ж өніндегі пайдалы қазбалар қоры Бүкілодақтық комиссиясының мүшесі болып сайланды. Ол өмірінің соңғы күндеріне дейін осы істі абыроймен атқарып келді. 1943 жылы КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалы- ның төрағалығына тағайындалды. Бүгінгі ұлттық академияның негізін қалауға күш -ж ігерін жұмсады. 1946 жылы Қазақ Ғылым Академиясы өз