бай, Сапақ, Бөлтірік ж әне тағы да басқа дала кемеңгерлерінің мектебінен өткен. Кенен сол сахараның ғажайып алыптарының шәкірті болып қана қойған жоқ, кейбіреулерімен үзеңгілес жүрді. Қазақ өнерінің тарландарымен та- лай айтыстарға қатысып, ө зін ің атақ-даңқы елге жайылды. Ән мен өлең-жы р, айтыс өнерінде К енен Әзірбаевтың өз өрнегі, әуен-сазы бар. Оны саз өнеріне баулыған Ноғайбай тек шешен ғана емес, қазақ пен қырғ- ызға беделі асқан жан-жақты сауатты кісі болған. Оған мысал, Ноғайбай өмірінің бір сәті дер едік. Күндердің күнінде қырғыз манабы Ш әбдан ақ боз атын Ноғайбайға сыйға тартады. Сонда оның қырғыз достары: “Неге аты- ңызды көлденең жолыққан қайдағы бір қазаққа тарту еттіңіз. Биік мәртебеңізді өйтіп төмендеткеніңіз жараспады!” деп кеукеулейді. С онда Ш әбден тұрып: “М енің биік мәртебем оның ділмәрлығынан төмен” деп жауап беріпті. Ағынан жарылған әділ сөз емес пе? Жастайынан өлең-әнге көкірегі толған бала Кененнің “Бозторғай” күйі мен әні де тамылжыған тамаша туынды. Ол туралы Кенен былай деп еске алады: “Бозбала кезім, қой соңында жүрмін. Бір күні талтүсте оянып кетіп, көк аспанға қарасам, шырылдаған бір үнді есітіп, жүрегім шымырлап, кеу- деме бір ән сазы келді. Бозторғай, шырылдайсың жерге түспей, Мен жүрмін кешке дейін тамақ ішпей. Ат қылып, ақ таяқты қолыма ұстап, Сандалып қой артында азар кешпей. Бозторғай, шырылдайсың, шіркін-ай! Құтылар күн болар ма, екен. Қой жаюдан бір күн-ай? Бозторғай! Осылай Кененнің көңіл-күйінің пернесін дәл басып, құйттай қүс шыры- лы арманға канат байлатады. Осы құдіретті өлең-ән оның болашағына жол ашты. Жиын-тойға қатысып, ақындар айтысында топты жарып жыр дүлділі