командирі дәрежесіне дейін өседі. Соғыстан соң Б. Момышұлы Фрунзе атындағы Бас штабтың Академия- сын бітіреді. Кейіннен Академияда сабақ береді. 1956 жылы отставкаға шығады. “М ен оставкадағы полковникпін, бірақ оставкадағы жазуш ы емеспін” деп өзі айтқандай, қаруын қаламға айырбастады. Б. Момышұлына Кеңестер Одағының батыры атағы өзі дүниеден өткен соң берілді. Сұрапыл соғыстың алғашқы жылдарында-ақ оның қаһарман- дық даңқы мен Отанына шын берілген адалдығы бүкіл елге мәлім болды. Соғыста бірге болтан майдандастары батыр жайлы небір қызық хикаяларды айтып жүретін. Шын мәнінде ол: Ақыл айтар мезгілде Мың жасаған шалдай бол. Қатал болар мезгілде Шатынап түскең жайдай бол. Мейірің түсер мезгілде Ағарып атқан тандай бол! - деп өзгелерден осы қасиетттерді де та- лап ететін. 12-1574
178
А сан бай А С К Д Р О В
Белгілі жазушы Александр Бек өзінің “Арпалыс” повесінде окырманда- рға панфиловшылардың ерлігін паш етіп, Момышұлының ұрыстағы қаһармандығына әділ баға береді. А. Бекпен алғашқы кездесуінде Момышү- лы оған салған жерден қатал шарт қояды: “Тек шындықты ғана жазатын боласыз, егер олай шықпаса, мына мен өзім Сіздің колыңызды шорт кесіп тастаймын” дейді. “Әлбетте мен тек ақиқатты жаздым, сондықтан колым кесілмей аман қалды” деп жазушы кейін еске алады. Бауыржанның ерлік даңқы бүкіл Республикаға аңыз болып таралды. Майданда ерлік көрсеткен қазақтар, әрине, көп. Дегенмен олардың бірде- бірінің атақ-даңқы Бауыржандай дүркіреген жок. Сотые кезінде, одан кейін, бүгіндері туған нәрестеге Бауыржан деп ат кою салтқа айналды. Қайбір ата- ана болсын өз үлдарының “ел тірегі - ер” болып өсуін калайды той.