1993 жылы күзде Қазақстан халқы өзінің ұлы перзенті Д. А. Қонаевпен
қоштасты. Аса ірі саяси, мемлекет қайраткері дүниеден өтті. Телегей-теңіз
терең ақыл мен аса білімдарлық, көреген зерделілік — бүл биік түлғаның
парасатты бейнесі еді. Димаш Ахметұлы тек саяси көсем ғана емес, ол үлттың
рухани үстазы болды. Кіршіксіз кісілігі мол, баршаға қамқор - ол күнделікті
жай тірлікте жан-жүрегімен қуанып, қиянатты да сабырмен жеңіп, қайғы-
мұңды да ақыл-оймен көтере білетін.
Қ он аев р есп у б л и к а үш ін игілікті мол істер мен ж оралғы лы ізгі
жақсылыктар жасады. Қазақстан өзге республикалардан көш ілгері озып,
лайықты орынға ие болды. Сол кезеңдерде республиканың ғылыми күш-
қуаты күрт өсті. Ғылыми-зерттеулердің жаңа бағыттары к өрініс тауып,
республиканың өндіргіш күштерін өркендетуге тікелей атсалысатын талапты
да, талантты ғылыми кадрлар тобы нығайды.
Оның осынау жемісті еңбектерін Отаны әділ әрі лайықты бағалап, үш
мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын берді. Оған қоса 8 Ленин, Октябрь ре-
волюциясы ордендерімен ж әне көптеген медальдармен марапатталды.
Д. А. Қонаев жарқын өмірдің салтанат құруы ісіне шын берілген табан-
ды қайраткер болды. Ол өзінің асқақ мұратты парызын адал орындады.
ШАРАП РАШИДҮЛЫ РАШИДОВ
1917-1983 ж. ж.
Шарап Рашидов 1917 жылы Жызақ қаласында дүниеге келді. 1935 жылы
Жызақ педагогикалық институтын бітіріп, еңбек жолын мектепте ұстаздык
етуден бастады. Кейін Самарканд мемлекеттік университетіне түседі. 1938
жылы студенттік шағында партия қатарына өтеді. Унпверситеттегі оқуына
коса “Ленин жолы” газетінің редакциясында қызмет істеді. Онда жауапты
хатшы, редактордың орынбасары, редактор кызметтерін аткарды. 1941 жы-
лғы тамыздан Қызыл Армия катарында болды. 1943 жылы ауыр жараланып.
Достарыңызбен бөлісу: |