50
әдістер арқылы зерттеуге және шешуге болатын нақты жағдайларда мәселелерді
шешу үшін жаратылыстану білімін пайдалану мүмкіндігі. Бұл тұжырымдар
қоршаған әлемді және оған адамның іс-әрекеті енгізетін өзгерістерді түсіну және
тиісті шешімдер қабылдау үшін қажет.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқытудың тереңдетілген
деңгейіндегі оқу пәндері бойынша оқу бағдарламасын игерудің пәндік
нәтижелері негізінен жалпы кәсіби білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған.
Жаратылыстану-математикалық бағытта оқытудың тереңдетілген деңгейі
пәндері бойынша оқу бағдарламасын меңгерудің күтілетін нәтижелері негізінен
кейінгі кәсіптік білім беруге даярлауға, білім алушылардың
жеке қабілеттерін
дамытуға бағытталған.
Жаратылыстану бағыты пәндері бойынша пәндік және метапәндік
құзыреттіліктерді дамытуда түрлі әдістер мен тәсілдері қолдану ұсынылады.
Мысалы:
1. Мәтінмен жұмыс. Мәтінмен жұмыс істеу ғылыми мақалаларды оқу,
ғылыми жұмыстардың мәтіндерін талдау, түйіндемелер мен аннотациялар жасау
білім алушыларға мәтіндермен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, ақпарат алуға
және әртүрлі көзқарастарды салыстыруға көмектеседі.
2. Топтық жұмыс. Бұл бірлескен жобалар мен зерттеулер, пікірталастар
жүргізу және топтағы жұмыс нәтижелерін талдау білімалушыларға
коммуникативті дағдыларды дамытуға, ұжымда
жұмыс істей білуге және
мәселелерді шешуге көмектеседі.
3. Білімді тәжірибемен ұштастыру: зертханалық жұмыстарды орындау,
эксперименттер жүргізу, көлемді жұмыстарды істеу және білімалушылардың
материалдарды пайдалануы, деректерді бақылау, талдау дағдыларын дамыту
және ғылыми білімді практикада қолдану.
4. Заманауи
технологияларды қолдану: деректерді талдау үшін
компьютерлік бағдарламалармен жұмыс, деректерді өңдеу.
5. Өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын дамыту:
өз жұмысын жоспарлау,
басымдықтар мен мақсаттарды анықтау, жаңа тақырыптарды өз бетінше зерттеу,
өзін-өзі ұйымдастыру және уақытты басқару дағдыларын дамытуға көмектеседі.
Білім алушыларының пәндік, метапәндік және түйінді (жоғары
сыныптарда) құзыреттерін дамытудың жоспарланған нәтижелері
1) табиғи құбылыстарды бақылау, нәтижелерді сипаттау және
қорытындылау; эксперимент нәтижелерін талдау;
2) жаратылыстану бағытындағы биология, физика, химия, география
ғылымдары
арасындағы байланысты сипаттау; табиғи құбылыстардың өзара
байланысын орнату;
3) қоршаған ортадағы құбылыстарды түсіндіруде, денсаулықты сақтауда,
тіршіліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, табиғат байлықтарын ұтымды
пайдалануда, сондай-ақ сауатты тұтынушының рөлін орындау үшін
жаратылыстану бағытындағы білімдерді қолдану;
4) жаратылыстану-ғылыми білімнің маңыздылығын түсіндіру, жиналған
және өңделген деректерді, кесте, график, хабарлама,
баяндама, презентация
түрінде ұсынылатын ақпаратты синтездеу; ғылыми үлгілер мен гипотезалардың,
51
дәлелдемелердің және түсіндірмелердің дәлелдерін; эксперимент пен зерттеудің
жоспарын жасайды.
Биология бойынша пәндік, метапәндік және негізгі (жоғары сыныптарда)
құзыреттердің мысалдары 7-кестеде келтірілген.
7-кесте – «Биология» пәні бойынша мысалдар
Оқу мақсаты
Сұрақтар
мен
тапсырмалар
Тапсырмалардың
күтілетін
нәтижелерге бағытталуы
«Қоректену»
бөлімшесі. 8-сынып.
8.1.2.6
құрамында
дәрумендердің
маңызды мөлшері бар
азық-түлік
тізімін
жасау
Витаминді қолдану мен
дененің
денсаулығы
арасындағы
байланысты анықтаңыз
Құзыреттіліктер:
пәндік:
денсаулықты сақтау үшін
дұрыс тамақтану ережелерін сақтау
қажеттілігін түсіндіре білу
метапәндік:
оқу тапсырмасын орындау
үшін ақпаратты түсіндіре білу
Витамин
тапшылығы
дегеніміз не?
пәндік
:
дәрумендер және дәрумен
жетіспеушілігі жайлы білімі болу
метапәндік
: Өз ойын сауатты және
жүйелі жеткізе білу
Оқу материалын бекіту және тереңдету мақсатында жаратылыстану,
география пәндерінен кейбір тақырыптық сабақтарды қауіпсіздік ережелерін
сақтап, жергілікті жағдайларды ескере отырып, өлкетану музейлерінде,
экологиялық мектептер мен басқа білім беру
ұйымдары базасында өткізу
ұсынылады.