53
«Адам және қоғам» саласы бастауыш білім беру деңгейіндегі білім
алушылар үшін әлемді тарихи, географиялық және әлеуметтік тұрғыдан түсіну
үшін маңызды рөл атқарады.
Бастауыш білім беру деңгейінде «Адам және
қоғам» білім беру саласы пәнінің мазмұны
«Адам – Қоғам» жүйесі
аясында
пропедевтикалық білімді қамтамасыз етуге бағытталған. Білім алушылардың
өткен және қазіргі әлеуметтік құбылыстарды және олардың өзара байланысын
зерделеу, өз Отанына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, отбасындағы,
жергілікті, аймақтық, ұлттық және жаһандық
қауымдастықтағы өз орнын
түсінуге бағытталған.
Негізгі орта білім беру деңгейінде «Адам және қоғам» білім беру саласы
оқу пәндерінің мазмұны
- білім алушылардың тарихи ойлау, бүгін және өткенді
түсіну және пайымдау дағдыларын және олардың өзара байланысын, тарихи,
құқықтық, экономикалық, саяси, әлеуметтанулық ақпарат көздерінің
материалдары бойынша негізделген қорытындылар жасау, зерделеу, талдау
дағдыларын қалыптастыру және олардың негізінде тәуелсіз пайымдаулар жасау,
өз шешімдерін қабылдау; патриотизмге тәрбиелеуге, құқықтық сауаттылықты
қалыптастыруға бағытталған.
Жалпы орта білім беру деңгейінде «Адам және қоғам» білім беру саласы
оқу пәндерінің
мазмұны білім алушылардың саяси, әлеуметтік-экономикалық
және мәдени тарихы мен құқықтық сауаттылығының негізгі мәселелері бойынша
білімдерін
қалыптастыруға,
демократиялық
құқықтық
қоғамның
құндылықтарын түсінуге бағытталған. Білім алушыларда тарихи оқиғалар,
құбылыстар мен процестерін талдау, жіктеу, жүйелеу, жинақтау және бағалауға
негізделген тарихи ойлау дағдыларын,
құқықтық нормалар, заңдар мен
нормативтік құқықтық актілер негізінде құқықтық жағдаяттарды талдау, бағалау
үшін қажетті құқықтық сауаттылығын дамытуды көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: