Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: бесінші есімін жазып, эпоним жасау мүмкін емес және де оны жеңіл формада жеткізуде мүмкін
болмайды.
Көп жағдайда әлемдік бренд болып кеткен тауарлардың есімімен аталып кеткен
басқа ұқсас тауарлардың құқықтары бұзылады. Мысалы, «Tefal» деп аталатын жылдам су
қайнататын ыдыс-аяқ тауарлары әлемге танымал. Осы секілді басқа да есіммен тауарлар
шықса, халық оны оларды жай ғана Tefal деп атай береді. Оларға солай айту өте жеңіл,
ойларына сап түсе қалады және сол компанияның өнімі секілді қарайды. Бұл өз тарапынан
басқа компаниялардың аты таралуына кедергісін тигізеді және репутациясына да нұқсан
келеді деп айтсақ болады. Тағы бір мысал ретінде «Fairy» деп аталатын ыдыс-аяқ жуатын
өнімді алсақ болады. Көптеген басқа ыдыс-аяқ жуатын өнімдердің осының көлеңкесінде
қалып қала береді. Адамдар бір-бірімен сөйлескенде осы «Fairy» деп айта салғанды жөн
көреді. Бірақ шын мәнінде адамдар «Капля» немесе «Ecover» деген ыдыс жуатын өнімдер
болуы мүмкін. Бұл қазіргі таңда эпонимдердің өзекті мәселесі болып тұр.
Эпонимдердің бастапқы жалқы есім болып тұрғанда мағыналары немесе берілген
есімнің объект ретінде басты назардан қалуы мүмкін. Мысалы, электромагнитті сәулені
ойлап тапқан Альфред Нобель субъект ретінде назардан тыс қалуы мүмкін. Көп жағдайда
адамдар ол сәуле туралы біліп, оны өз пайдасына қолдану туралы ғана ойланады. Және
оның ойлап табушы адам туралы ұмытылып, тек жасаған дүниесі ғана халықтың есінде
қалады. Өйткені бұл жерде субъект емес объект назар болып тұр. Тағы бір мысал ретінде
«Кох таяқшасын» айтуға болады. Біз бұл жерде ауру туралы айтып отырмыз. Адамдар
ойлап тапқан Кох туралы ойланбайды, оның өмірбаяны, қай жердің тумасы екені туралы.
Біз көп жағдайда ол ғалымның ашқан зиянды таяқшалары туралы, оның адамның ағазсына
қаншалықты зиян екеніне басты назар аударамыз.
Жалпы эпонимдер адамның сөздік қорын байытуға белгілі бір дәрежеде септігін
тигізе ді. Адамның сөзі, пікірі айтылып жатқан салаға байланысты ғылыми, нақты болады.
Керекті мағлұматты барынша толық жеткізеді. Мысалы, медицина туралы тақырып болып
жатқанда «колы дірілдейтін ауру» дегеннен гөрі «Паркинсон ауруы» десе ғылыми және
жинақы, құлаққа тұрпайы естілмей сөздік қорыныңыздың жинақы екендігін көрсетеді.
Тұжырымдар . Эпонимдер әрбір адамның лексиконында, сөйлемдерінде кездеседі. Уақыт
өте келе, қоғам, заман өзгере келе оның айтылуы мен семантикасы да өзгеріске ұшырады.
Оның негізгі себебі ол – ғылыми – техникалық революция, ғалымдардың пайда болуы
олардың жаңа дүниелерді ойлап табуына түрткі болды. Міне, осы кезде эпонимдердің
объектісі субъектіден гөрі ашылған зерттеуге ауысады және семантикасы өзгереді.