Дәріс тезистері №1-дәріс



Pdf көрінісі
бет29/41
Дата10.09.2023
өлшемі0,93 Mb.
#180608
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41
Байланысты:
ДӘРІС (1)

Басылым
бесінші 
2.
Аналитикалық тәсіл 
3.Терминдену тәсілі 
Дәріс мәтіні 
(тезис) 
Терминжасам тәсілдері сөзжасам тәсілдеріне негізделеді. Сонымен бірге
терминжасам тәсілдерінің өз ерекшеліктері де бар. Сөзжасам тәсілдері терминжасам 
тәсілдерінің негізін құрайды. 
Сөзжасам мәселесінде сөзжасамдық тәсілдер мәселесі негізгі орын алатыны белгілі. Бұл 
мәселе терминжасам мәселесіне байланысты елеусіз қалды деп айта алмаймыз. Терминолог 
ғалымдар еңбектерінде қажетіне қарай оған көңіл бөліп отырған. Мәселен, терминология 
саласының ірі маманы академик Ө.Айтбаев ғылымда аталып жүрген мына тәсілдерді атап, 
оларға талдау жасаған: «1) семантикалық тәсіл, 2) морфологиялық тәсіл, 3) синтаксистік 
тәсіл, 4) калькалау тәсіл, 5) сөз қысқарту (аббревиациялау) тәсілі» [10, 253]. 
Терминжасам мәселесіне арнайы назар аударған ғалым- Ш.Құрманбайұлы. Ғалым 
монорафиясында терминжасам тәсілдерінің мына түрлерін көрсеткен: 1) синтетикалық 
(морфологиялық) тәсіл, 2) аналитикалық (синтаксистік) тәсіл, 3) терминдену (лексика- 
семантикалық) тәсілі, 4) калькалау тәсілі [11, 99-165]. 
Алайда, Ө.Айтбаев қысқартуды тәсілдер тобына қоспаса да оны амал деп атап, еңбегінде 
берген. Ғалым пікірін өз сөзімен берейік: «Аббревиация немесе қысқарту (сөз, буын не әріп 
қысқарту) амалдары да терминжасам дағдымызда кеңінен қолданылады. Бұл қазақ тілінде 
ғана емес, өзге туыс тілдерінде де тіл дамуының негізінде орыс тілі арқылы пайда болған 
терминжасамдағы жаңалықтың бірінен саналады. Әсіресе, ғылыми-техникалық ұғымдарды 
таңбалауға білдіруге келгенде, мұның мүмкіншілігі шексіз деген пікірлерге қосылуға әбден 
болады. Мұның бұлай болатын себебі, белгілі бір нәрсе туралы ұғымды барынша қысқа әрі 
үнемді білдіруге бейім тұратындығынан... Қазақ тілінің терминжасам амалдарының 
қатарына қосылуына себеп болған да мұның осындай сөз үнемдеуші қасиеті деп білеміз» – 
деп қысқартудың 3 жолын берген: 1) колхоз, 2) ҚазТАГ, 3) АН-24 т.б. [10, 141]. 
Тілдің сөзжасам тәсілдерінің бәрі терминжасамда қолданылады. Терминжасамның өзіндік 
ерекшелігі де бар. 
Терминжасамда тілдің сөзжасамдық тәсілдері қолданылатын болғандықтан, терминжасам 
тілдің сөзжасам заңдылықтарына бағынады. Сондықтан терминжасамның синтетикалық 
тәсілі де сөзжасамның синтетикалық тәсілінің заңдылықтары бойынша қызмет етеді. 
«Қазақ тілінің сөзжасамы» оқулығында синтетикалық тәсіл туралы мынадай мәлімет 
берілген: «Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасауда екі тілдік бірлік қызмет 
атқарады: 1) лексикалық мағыналы сөз, 2) сөзжасамдық жұрнақ» [9, 34]. 


ЕҰУ Ф 703-08-15. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Бесінші басылым 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет