Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: бесінші Тіл, әдебиет терминдерінің ішінде екі құрамды терминдердің негізгі орын алады.
Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған терминдердің екі құрамды түріне мысал келтірсек, олар
мынадай:
ашық рай, айшықтау құралы, ақпарат арналары, анықтамалық басылым, аралас ұйқас, абай өрнегі, әдеби мұра, бағыныңқы сөйлем т.б.
Үш құрамды терминдер өте аз, мысалы,
есімнен жасалған етістіктер, етістіктің шақтық тұлғалары, жазушының шығармашылық даралығы, салыстырмалы бағыныңқы сөйлем т.б.
Төрт құрамды терминдер де өте аз топқа жатады, олар мыналар:
сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары, материалды дыбыс бойынша бақылаушы т.б.
Бес құрамды терминдер ең аз түрі, олар:
жарыспалы бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем, жоғары жылдамдықта түсіретін бейнекамера, дыбыс және дыбыс бейнежазу хабарлары т.б.
Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған терминдер неше сөзден құралса да, бір
лексикалық мағынаны білдіреді. Ол кез келген сөзжасамдық тәсілге тән қасиет. Ал
аналитикалық тәсіл – сөзжасамдық тәсілдердің бірі. Олай болса, аналитикалық тәсіл арқылы
жасалған терминдер құрамына қарамай, бір мағынаны білдіретіні даусыз мәселе.
Көп құрамды аналитикалық тәсіл арқылы жасалған терминдер мағынасына, олардың
анықтамасына сүйеніп жасалған талдау, алдымен, терминдердің құрамы өте күрделі болуы
мүмкін екенін дәлелдеді және аналитикалық тәсіл арқылы жасалған терминдердің құрамы
түрлі болатынын айқындады. Сонымен бірге аналитикалық тәсіл арқылы жасалған түрлі
құрамды терминдердің бәрі терминжасам заңдылығы бойынша жаңа бір мағынаға көшеді.
Сондай-ақ аналитикалық тәсіл терминжасам жүйесінен негізгі орын алады.
Қорыта келгенде, аналитикалық тәсіл арқылы терминжасам терминологияның барлық
саласында белсенді қызмет атқарады. Аналитикалық терминжасамның терминологияның
түрлі саласындағы белсенділігі де әр түрлі. Аналитикалық тәсіл арқылы терминдер түрлі
құрамда жасалады.
Тұжырымдар. Аналитикалық тәсіл арқылы терминжасам терминологияның барлық
саласында белсенді қызмет атқарады. Аналитикалық терминжасамның терминологияның
түрлі саласындағы белсенділігі де әр түрлі. Аналитикалық тәсіл арқылы терминдер түрлі
құрамда жасалады. Аналитикалық тәсіл терминжасамның негізгі тәсілдерінің бірі деп
ғылымда танылған.