Дәріс тезистері №1-дәріс


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет31/41
Дата10.09.2023
өлшемі0,93 Mb.
#180608
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41
Байланысты:
ДӘРІС (1)

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
бесінші 
Тақырыбы: 
Терминжасамның аналитикалық тәсілі 
Мақсаты: 
Тілдің терминжасам жүйесінің аналитикалық тәсілін, яғни терминжасамның 
аналитикалық тәсілі деп екі я онан да көп сөзден бір терминнің жасалуы амалын түсіндіру. 
Дәріс жоспары: 
 
1.
Жалпылағыш қос сөз, жалқылағыш қос сөз 
2.
Біріккен сөздер 
3.
Тіркесті терминдер 
Дәріс мәтіні 
(тезис) 
Тілдің терминжасам жүйесінің аналитикалық тәсілін барлық термин мамандары 
таныған. Бұл – орыс тіл білімі, қазақ тіл білімінің термин мамандарының бәріне ортақ пікір. 
Мәселен, А.В.Суперанская аналитикалық тәсілді сөз тіркесі деп атап, жақшада (синтаксистік 
тәсіл) деп беріп, оған мынадай түсінік, сипаттама берген: «Термины-словосочетания по 
количеству занимают одно из первых мест почти в любой отраслевой терминологии. Этот 
традиционный способ создания специальных наименований в словообразовании современной 
русской терминологической лексики также занимает ведущее место. Терминам- 
словосочетаниям отдается предпочтение в силу того, что они способны с наибольшей 
полнотой отразить необходимые отличительные признаки именуемого понятия. Терминами- 
словосочетаниями легче, чем другими словообразующими средствами (аффиксами, 
например), передать принадлежность классификационному ряду, основанному на родо- 
видовом соотношении понятий» [1, 131-132]. 
«Қазақ тілінің сөзжасамы» оқулығында аналитикалық тәсілге мынадай анықтама 
берілген: «Аналитикалық тәсіл деп екі я онан да көп сөзден бір лексикалық мағыналы сөздің 
жасалуы аталады» [2, 37]. 
Егер бұл анықтаманы терминжасам мақсатына көшірсек, ол төмендегіше болар еді: 
терминжасамның аналитикалық тәсілі деп екі я онан да көп сөзден бір терминнің жасалуы 
аталады. Мысалы, 
елтаңба, келісімшарт 
(контракт), 
ақ орда, ғарыш аймағы, ақ түйіршік 
т.б. 
Бұлар – терминологияның түрлі саласына қатысты терминдер. Олардың әрқайсысы екі сөзден 
жасалып, бір мағынаны білдіретін термин сөзге айналған, яғни терминге көшкен. 
Аналитикалық сөзжасам тәсілі 1964 жылдан бастап қазақ тіл білімінде ғылыми 
айналымға түсті. Содан бері бұл мәселе барлық оқулықтардан түскен емес, ғылыми 
зерттеулерде де бар. 


ЕҰУ Ф 703-08-15. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Бесінші басылым 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет