Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


Дәрігерлер: кәсіби автономия үшін күрес



Pdf көрінісі
бет339/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   529
Дәрігерлер: кәсіби автономия үшін күрес
Дәрігерлер медициналық қызметкерлердің 5 пайыздан аз бөлігін 
қүрайды. Сонда да медициналық мекемелерде басты орынға ие. Дәрі- 
герлер ауруды емдеу мен анықтау үшін жауапты. Олар емделушінің 
өзін ұстау үлгісін қалыптастырады және көмек көрсетуші қосалқы 
қызметкерлердің, техниктердің, медбикелердің тәртіп ережелерін 
басқаруда және емхананың үлгісін қалыптастыруда шешуші рөл 
атқарады.


300
10-ТАРАУ
13-бөлімде айтылатындай, мамандық- арнайы дағды мен шығар- 
машылық еркіндікті талап ететін ерекше іс-әрекет түрі. Бұл анықта- 
маға дәрігердің жұмысындай басқа ешбір жүмыс сәйкес келмейді. 
Алайда осыдан 1000 жыл бұрын дәрігер атын алуға кез келген адам 
хақылы болған. Оқыту және емдеу шаралары жиі өзгеретін, деңгейі 
де өте төмен (Starr, 1982). Кейбір дәрігерлер сауатсыз болатын, өз ма- 
мандығын шәкірг ретінде үйренетін. Ал көпшілігі ақысын төлеп
сертификатқа ие болатын қысқа мерзімді курстарға қатысып та дәрі- 
гер бола берген. 1848 жылы америкалық медицина ассоциациясы қү- 
рылғаннан бастап, кәсіби қызмет көрсету жүйесі қалыптаса бастады. 
Бұл процесс 1910 жылы толық аяқталып, медициналық оқыту мен 
лицензия берудің қатаң ережелері қабылданды.
Д ә р іге р л е р д ің т а б ы с ы м ен б ед еліне д е ге н ы қ ы л а с
Медициналық мамандық сертификация теориясының үлгісі бола 
алады. Қазіргі кезде тәжірибелі отбасылык, қызметкерлер орташа 
163 510 $, ал хирургтар орташа 225 390 $ табыс табады (АҚШ Еңбек ста- 
тистикасы бюросы, 2011с). АҚШ-та дәрігерлердің табысы неге мол және 
неге жоғары беделді мамандар саналады?
Құрылымдық функцияшылдардың айтуынша, дәрігер болуға 
лайықты қабілеті мен таланты жеткілікті адамдар өте сирек, ал хи­
рург болуға лайықты адамдар одан да аз. Сонымен қатар дәрігерлер 
ұзақ және қиын білім алу кезеңдерінен өтеді. Демек, осындай қиын 
жұмысқа өз ғұмырын арнауы үшін еңбегі жоғары бағалануы тиіс. 
Ал конфликтология көзқарасын үстанушылар дәрігерлерге берілетін 
жоғары табыс пен бедел қоғамның қажеттілігі үшін емес, олардың 
жеке пайдасы үшін билікті қолдану деп тұжырымдайды.
Осы пікірді растау үшін конфликтология теорияшылары Америка 
медицина ассоциациясының (АМА) ықпалын дәлел ретінде келтіреді. 
АМА дәрігерлердің емдеу тәжірибесінен өту талаптарын белгілейді. Бүл 
үйым медициналық қызмет көрсету стандарттарын жүйелендіріп, сол 
стандарттарды ұстанбаған дәрігерлерді жауапкершілікке тарту немесе 
олардың мүдделерін қорғау үшін құрылған. АМА-ға дәрігерлердің жар- 
тысынан аз бөлігі енгенімен, биліктің көп бөлігі әлі де соның қолында 
шоғырланған. Ол - дәрігерлердің халыңқа көрсететін қызметін ақылы 
етуді көздеп күрес жүргізді. Осы мақсатына жету үшін Medicare, Medicaid 
және 2011 жылғы медициналық реформалармен бірге ұлттық медици- 
налық сақтандыру жүйесінің құрылуына қарсы болды. Сонымен қатар 
акушерлік, остеопатия және инемен емдеу сияқты балама медициналық 
тәжірибелерді тоқтату үшін күресті (Weitz, 2012).
Д ә р іге р л е р м ә р т е б е с ін ің ө зге р у і
Дәрігерлердің жоғары табысы сақталғанмен, мамандықтың өзге артық- 
шылықтарынан айырылып қалды. 1970 жылға дейін дәрігерлер жұмыс 
жағдайын анықтауда еркін, тәуелсіз болды. Мемлекет тарапынан да 
жоғары қүрметке ие болды. Кейбір емделушілер үшін дәрігер білім мен 
көмектің Қүдайдан кейінгі иесі деп саналатын. Қазіргі кезде бүл салаға 
мынадай біршама өзгерістер енгізілді (Coburn & Willis, 2000; Weitz, 2012):
• 
Дәрігерлердің көп бөлігі топпен немесе корпорация үшін жұмыс 
істейді. Қағазбасты адамдар - олардың еңбекақысын, емдеу шара- 
ларын және жүмыс уақытын анықтайды. Нәтижесінде, дәрігерлер 
біршама тәуелсіздігінен айырылды.
• 
Қоғам дәрігерлерге сенімсіздікпен, сын көзбен қарайды. Екінші тарап- 
тан пікір алу- қазір қалыпты жағдай; ал қулық жасау кең етек алуда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет