Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет347/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   343   344   345   346   347   348   349   350   ...   529
Ұлттық денсаулық саңтау саласы
Бірыңгай төлем жүйесінде 
(денсаулық сақтау саласында) 
дәрігерлер және емханалар үкімет 
тарапынан гана қаржыландырады.
Өндірісі дамыған елдер әртүрлі жүйелерді қолданады. Бірақ олар- 
дың барлығы әр азаматтың сапалы медициналық қызметке қол- 
жетімділігіне кепілдік береді. Ұлыбритания және Канада екі тиімді 
үлгі ұсынады.
Бұл екі мемлекетте де денсаулық сақтау бірыңғай толем жүйе- 
сі арқылы қамтамасыз етіледі. «Бірыңғай төлем жүйесінде» дәрігер- 
лер мен емханалар тікелей немесе жанама түрде бір орталықтан, 
яғни үкімет тарапынан қаржыландырылады. Екі елде де емха- 
наларда жұмыс істейтін дәрігерлерге еңбекақы төленеді. Алайда 
жекеменшік фирма я ауруханаларда жүмыс істейтін британдық 
дәрігерлер айлық жалақы алса, канадалық дәрігерлер көрсеткен 
қызметіне байланысты еңбекақы алады (Weitz, 2012).


ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
307
Бірыңғай төлем жүйесі ем шараларының шығынын үш әдіс- 
пен азайтуға тырысады (Weitz, 2012; Physicians for National Health 
Program, 2009). Біріншіден, бұл әдістер өте тиімді: америкалық дә- 
рігерге ондаған сақтандырушы апта сайын төлеу керек болса, кана- 
далық дәрігер шығын есебін тек үкіметке ғана жібереді. Екіншіден, 
бұлар коммерциялық емес: канадалық және британдық денсаулық 
сақтау жүйесі тек медициналық қызмет көрсетуге бағытталған. Ал 
АҚШ-тағы сақтандыру компанияларының мақсаты - акционерлері 
үшін табыс табу. Нәтижесінде, АҚШ-тағы сақтандыру компания- 
лары ауру адамдарды сақтандырудан қашады және сақтандыруды 
жоюға тырысады. Соңғысы, бірыңғай толем жүйесі - «жалғыз мүм- 
кіндік»: медико-санитарлық көмектің (есірткіні қосқанда) жалғыз 
сатып алушысы болғандықтан, бірыңғай төлем жүйесі дәрілердің 
бағасын төмендету үшін фармацевтикалық компанияларға ықпал 
жасай алады. Дәрігерлерге жалақыларын төмендету және мем- 
лекеттік тексерушілер қажетсіз, тиімсіз және тексерілмеген деп 
тапқан жаңа емханалық қызметтерді тоқгату туралы талап қоя 
алады.
Бірыңғай төлем жүйесінің кемшілігі сол - дәрігерлер мен тұты- 
нушының мүмкіндігін азайтады. Дәрігерлер қандай толем қа- 
былдай алатынын шеше алмайды, ал тұтынушылар тек мемлекет 
бекіткен ем шараларды ғана қабылдай алады. Таңдау мүмкіндігі аз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   343   344   345   346   347   348   349   350   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет