Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет375/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   371   372   373   374   375   376   377   378   ...   529
ОТБАСЫ
333
аиатынан кейін автокөлігіңізді ауыстыру үшін, жедел қарызға ақша 
іздесеңіз немесе ауырып қалып, бірнеше апта бойы күтім қажет бол- 
са, жақын туысыңыздан көмек сұрайтыныңыз анық.
Отбасының жеке адамдар мен қоғамға беретін артықшылығын 
ескерсек, отбасын қолдау және оған соққы болып тиетін кейбір кем- 
шіліктерді азайтуға тырысудың маңыздылығы айқыыдалады. Бүл 
мақсатты іске асыру қиын емес. Қазіргі ажырасу, заңға қарсы шығу, 
баласыз өмір сүру және тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың қарқын 
алуы тәрізді жайсыздықтарға қарамастан, отбасында әлі де дұрыс 
бағдар бар: ана мен баланың арасындағы қатынастың үзілмеуі, қай- 
тадан отбасын құрудың жиілігі, өзінің туған және өгей балаларын 
шын көңілмен жақсы көретін өгей әкелердің көбеюі және қартай- 
ғанда балаларының қамқорлығын көріп отырған ата-әжелер. Отба- 
сы мүшелерінің талабын қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік 
саясат барлығымыз үшін зор пайда әкелуі мүмкін.
Қорытынды
1. 
Неке және отбасы - қоғамдағы ең негізгі 
ұжымдар. Бұл ұжымдар қоғам атаулыда ор- 
тақ қажеттіліктерге - мысалы, жыныстық 
мінез-қүлықты реттеуге, көбеюге, балаларды 
күтуге және әлеуметтендіруге - жауап бе- 
реді-
2. Отбасы түрлеріне кеңейтілген отбасы, нук- 
леар отбасы және аралас отбасы жатады. Нук- 
леар отбасылар қазір көп емес.
3. Ажырасудыц жиілеуі және жұмыс күшінде 
әйелдер үлесінің артуы, балалық шақтың 
әлеуметтік құрылымына күрделі өзгерістер 
әкелді. Қазір АҚШ-та көптеген балалар күн- 
дізгі балабақшаға барады немесе жалғызбас- 
ты әкесімен не анасымен бірге өмір сүреді.
4. Ересек өмірге өту кезеңі қазір ұзарып кетті. 
Өйткені бүгінгі жастар ұзағырақ оқиды, жай 
үйленеді және жұмысты да ұзақ іздейді.
5. Жұбайын таңдау махаббатқа байланысты, 
сондай-ақ үқсастық, гомогамия және оргақ 
құндылықтар да эсер етеді. Қазіргі таңда ара­
лас некелер әсіресе жоғары білімді адамдар 
арасында кең тараған.
6. Балалары кешірек бөлек шығатындықтан 
және экономикалық себептерге байланысты 
қайта оралатындықтан орта жастағы ерлі-за- 
йыптылардың үйлері бос қалмайтын болды. 
Сонымен қатар орта жастағылар ата-анала- 
рын өз қолдарына алады немесе бала-шаға- 
сымен туған үйіне қайтадан көшіп барады.
7. Әйелдердің жұмысбасты болуы, отбасын- 
дағы рөлдердің күрделі өзгерісіне алып кел- 
ді. Қазір америкалықтардың басым бөлігі ер-
лі-зайыптылар үй шаруасын бөлісе атқаруы 
керек деи санағанымен, үштен екі бөлігі әлі 
де әйелдердің мойнында.
8. Әкелердің бала бағуда үлесі артқанымен, 
олар күнделікті күйбең тірлікке жауапкер- 
шіліктен гөрі уақытты, негізінен, ойнаумен 
өткізеді. Өгей ата-ана болу өте қиын, өйткені 
ересек адамдар да, олардың балалары да өз- 
дерін қалай ұстау керектігін көбіне біле бер- 
мейді.
9. Азаматтық некені енді кез келген жастағы 
жұптар таңдай алады. Үйленбей бірге тура- 
тын жұптардың көбі ақырында некеге оты- 
рады, бірақ бір бөлігі кейінге қалдыруға 
келіседі. Үйленудің үлес салмағы азайып, 
азаматтық неке мен ажырасудың артуы неке 
институтының ыдырай бастағанын біл- 
діреді.
10. Бала тууды кейінге қалдыратын немесе мүл- 
де баласыз өмірді таңдайтын әйелдер көбейіп 
барады. Қазіргі таңда АҚШ-та туған балалар- 
дың 41 пайызы некесіз дүниеге келген. Ал 
жасөспірімдер жүктілігі кедейлікке, қолже- 
тімді сақтану жолдарының жоқтығына және 
өмірлік мақсатты айқындай алмауға байла­
нысты болып отыр.
11. Жалғызбасты ана болу бұрынғыдай ұят деп 
саналмағандықтан, асырап алуға бала табу 
қиындады. Жалғызбасты аналар некесіз бала 
туғаны үшін масқараланса және мемлекет 
тарапынан қолдау таппаса, жетімдер көбейе 
бермек. Асырап алу көбінесе өгей әке-шешелер 
үшін де, балалар үшін де сәтті болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   371   372   373   374   375   376   377   378   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет