Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет378/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   374   375   376   377   378   379   380   381   ...   529
Білім беруге қатысты
теориялық көзқарастар
Кең мағынада алғанда, білім беру - ресми оқу жүйесіне жауапты 
әлеуметтік құрылым институты. Ең тұрақты және етене таныс ин- 
ституттардың бірі. АҚШ-тағы әрбір он адамның үшеуінің білім сала- 
сына оқушы ретінде болсын, қызметкер ретінде болсын қатысы бар. 
Бұрынғы оқушылар, ата-аналар немесе салық төлеушілер - барлығы 
белгілі бір деңгейде білім саласына араласады.
Бұл институт қандай мақсат көздейді? Кім пайда табады? Қүры- 
лымдық-функционализм және конфликт теориялары бұл сұрақтарға 
екі түрлі жауап ұсынады.
Құрылымдық-функциялық теория:
білім функциялары
Білім саласын құрылымдық-функциялық талдау қоғамды қолдау 
үшін құрылған білім беру мекемелерінің көрсеткіштерімен байла- 
нысты. Қүрылымдық-функцияшылдардың айтуы бойынша, білім 
беру жүйесі көпшіліктің талабын қанағаттандыру үшін жасалған. 
Білім саласы функцияларының басты бағыты - оқыту және білім беру, 
жастарды әлеуметтендіру, сәйкесінше іріктеу және біртіндеп жақсы 
жаққа қарай өзгеруіне ықпал ету.
О қ ы т у ж ә н е б іл ім беру
Мектептің айқын мақсаты - білім беру мен дағдыны қалыптас- 
тыру. Мектепте оқуға, жазуға және санауға уйренеміз. Тәуелсіз- 
дік жолындағы Америка соғысының себебін түсініп, жасушаның 
құрылымын зерттейміз. Осылайша, мектеп әр үрпақтың өкілдері 
қоғамның үздіксіз тіршілігі үшін қажетті дағдыларды меңгеруіне 
кепіл болады.
Ә леум етте ну
Мектеп жастарды заман ағымына лайықты әлеумеггендіру арқылы 
қоғамның мейлінше қалыпгы қозғалысын қамтамасыз етеді. Олар 
тәртіпке, тіл алғыштыққа, ауызбірлікке және ұқыптылыққа ерекше 
мән береді. Сонымен қатар мектеп оқушыларды өз мәдениетіне сай 
ойлауға, дәстүрді қүрметтеуге және ережелерді үстануға үйретеді. 
АҚШ мектебінде ағылшын тілінде оқып, жазуды үйренеміз. «Аза-


БІЛІМ ЖӘНЕ ДІН
337
I Барлыққоғамда білім саласы -
I мәдениетті қалыптастырудың 
маңызды қуралы. Оқу және жазу сияқты 
дағдылардан бөлек, балалар негізгі 
мәдени құндылықтарды үйренеді. 
Жапонияда мектеп формалары 
жеке жетістіктерге қатысты топтық 
біркелкілікті айқындайды.
маттық адалдық антын» жаттаймыз және мектептік кеңес дұрыс деп 
тапқан АҚШ тарихын оқимыз. Елдің түкпір-түкпіріндегі әртүрлі эт- 
никалық және әлеуметтік топтан шыққан оқушылар жалпыға бір- 
дей оқу бағдарламасы бойынша білім алады. Соның арқасында ортақ 
мәдени негіз қалыптасады.
Ір ікте у
Мектепті бағбанға балауға болады. Оның арам шөптерді жұлып, таза- 
лап, жақсы өнім алуға тырысатыны сияқты қай оқушының озат оқи- 
тынын, қайсысы кенже қалатынын анықтап отырады. Бағалар мен 
тестілеу нәтижелері мектептен тыс немесе түрлі оқу бағдарламалары- 
на қатысты қабілет деңгейін көрсетеді. Ең дұрысы, мектеп жүйесі әр 
оқушының айрықша қабілетін ашуы керек.
Ө зге р істе р ге ы қ п а л е ту
Мектеп өзгерістер агенті ретінде де қызмег етеді. Біз мектепті аяқ- 
тағанмен, білім алуды гоқтатпаймыз. Алайда жаңа білім мен тех- 
нологиялар ересектерге қарағанда, мектеп оқушыларына бағытта- 
лады. Сонымен қатар сыни және аналитикалы қ ойлауды дамыту 
арқылы мектеп өзгерістерге себепші болады. Колледждер мен уни- 
верситеттерден де жаңа білім алынады деп күтіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   374   375   376   377   378   379   380   381   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет