338
12-ТАРАУ
Астыртын оқу жоспары жастарды
мойынсұнушылық пен сәйкестікте
әлеуметтендіреді.
Б іл ім - ка п и та л и зм қу р а л ы
Кейбір конфликтология теорияшыларының тұжырымы бойынша
мемлекеттік мектептердің негізгі көздегені
- басқарушы таптың
пайдасы. Бұл теорияшылар мектепте оқытылатын мәдени ойдың
негізінде ж атқан асты рты н бағдарлам а бар деп санайды. Мем-
лекеттік мектептердегі мұндай багдарламаға өз кезегін күтуді,
ережелерді сақтауды, ұқыпты болуды, сыйластық көрсетуді және
артық сұрақ қоймауды үйрету жатады. Бүл
дағдылардың барлы-
ғы балаларды жұмысшы табының өкілі болуға даярлайды (Gatto,
2002). Ал таңдаулы жеке мектептегі оқу бағдарламасы балаларды
шығармашылыққа және сыни ойлауға, сол сияқты олардың артық-
шылыққа лайық екендігіне үйретеді. Конфликтология теорияшы-
лары жеке және мемлекеттік мектептер дифференциалды жетістік
негізінде жастарды әртүрлі марапат күтуге, яғни осылайша - жас
тарды теңсіздікті қалыпты деп қабылдауға үйретеді деп есептейді
(Kozol, 2005).
Б іл ім - м ә д е н и е т қу р а л ы
Конфликтология
теорияшыларының тұжырымдауынша, оқу және
жазу дағдыларымен қатар, балалар басым мәдениеттің ықпалы-
мен сол көзқарасқа негізделген тарихты және мәдениетті оқиды
(Spring, 2004). Мысалы, АҚШ тарихында «Үнді соғысы»
сипаттала-
ды, бірақ байырғы америкалықтардың соғыстары жайлы аз айты-
лады. Сол сияқты XIX ғасырдың аяғында АҚШ-та қытайларға қарсы
зорлық көрсетілгені және II Дүниежүзілік соғыс кезінде америка-
лықтардың жапондықтарды лагерьге айдағаны туралы еш жерде
жазылмайды. Тіпті өнер мен музыка сабақтарында Латын Амери-
касы мен Азия мәдениеті еленбейді
және афроамерикалықтардың
мәдениетті дамыту үшін қосқан үлесі туралы айтылмайды.
Б іл ім - а д а м н ы ң м ә р т е б е с ін а й қ ы н д а у ш ы
Халыққа тегін білім берудегі мақсаттың бірі - адамдардың габысты
болуына жағдай жасау. Кез келген адам еңбекқорлығы мен қабілеті-
нің арқасында биік шыңға көтеріле алады. Себебі жұмыс беруші, ең
алдымен, ата-анаңыздың кім екенін сұрамайды, оларға керегі - қай
оқу орнын аяқтағаныңыз. Ал колледж
қызметкерлері біліктілік-
ті арттыру (Advanced Placement) курсынан қанша марте өткеніңізді
және халықаралық бакалавриат деңгейіндегі жоғары біліміңіз бар-
жоғын сұрайды (Sacks, 2007). (Егер кедей отбасыдан шығып, кедей-
лерге арналған жоғарғы
мектепке барсаңыз, мұндай бағдарламалар
жайлы естімеуіңіз де мүмкін). Алайда конфликтология теорияшы-
ларының тұжырымдауынша, адамдарды алған біліміне қарай баға-
лау, ата-анасына қарап бағалаудан эгалитарлы (теңдік) емес (Beaver,
2009). Бақуатты отбасыдан шыққан адамдар жақсы білім ала алады.
Мысалы, қаржылай көмек үшін өтініш жазған Гарвард студентінің
отбасылық оргаша табысы 150 000 $ шамасында (Leonhardt, 2004). Ал
білім алушылардың жеке мәліметтеріне мән беру «жағымсыз» сту-
денттерден сақтану үшін қажет.
Конфликтология теорияшыларының тұжырымдауынша,
білім
туралы куәлікті көзбояушылық деуге болады. Қызметке орналасып,
еңбекте жетістікке жетуге негіз болатын куәлік, шын мәнісінде, нэ-
сілдік, жыныстық және қай әлеуметтік таптан шыққанына байла-
нысты дискриминациядан қорғай алмайды (Brown, 2001). Нәсілге
негізделген теріс түсінікке қатысты «нәсілшілдік» термині қолда-