342 12-ТАРАУ I Аса маңызды тестілеудің
I көбеюініңәсеріненмектептер
оқушыларының муны қалай
тапсыратынына көп көңіл бөлетін
болды Сонымен қатар бул жағдай
тестілеуі жоқ пәндерден бас тартуға
және мүғалімдерді пәнді емес,
тестілеу дағдыларын оқытуға
мәжбүр етті.
Мектеп таңдау багдарламасы
отбасыларга балаларын
оқытудың көптеген жолдарын
(оқыту ваучерлері, салықтық
жеңілдіктер, магниттер мектебі,
жеке мектептер және үйде оқыту)
ұсынады.
қатац талап қоймайды, жүмыс істеуге ынтасы болмайды. Көпшілігі
оқуда көрсете алмаған қабілетін спорт немесе қүқық бүзушылық си-
яқты басқа жаққа жүмсайды (Bettie, 2003). Алайда деңгейлер арасын-
дагы үтқырлықты қолдайтын мектептерде мүндай теріс көріністер
азайып келеді. Мүғалім оқушы қабілетінің артуына оң көзбен қарай-
ды. Колледжге түскісі келмейтін оқушыларға мектепте академиялық
талап қойыла бастады (Gamoran, 1992; Hallinan, 1994).
Аса маңызды тестілеу Бүгінде федералдық және жергілікті заңнамалар мектептерде оқушы-
лардың үлгерімі стандартты тестілеу арқылы бағалануын талап етеді.
Көптеген мектепте оқушылар жоғары сыныпқа ауысу ушін, алдымен
аса маңызды тестілеуден өтуі керек. Сонымен қатар мектеп те. мүғалім
де осы стандартты тестілеудің нәтижесі бойынша бағаланып. жазала-
нып немесе марапатталатын болды.
Оқушылар үлгерімінің стандартты тестілеу нәтижесі бойынша
анықталуы, мектептерді білім сапасына баса көңіл бөлуге мәжбүр
етті. Оқушылардың оқу, жазу және есептеу сияқты негізгі дағдылар
бойынша дұрыс дайындалуын қамтамасыз етуге ден қойылды.
Бірақ аса маңызды тестілеудің күтпеген кері салдары да болды.
Бірқатар мектептер қойылган мақсатқа жету үшін қосымша ресур-
стар алды. Нәтижесінде, мектептерде өнер, музыка, дене шынықтыру,
шет тілі, тіпті тарих және ғылым пәндері тоқтатылып, мүгалімдердің
білігі жетпесе де оқу, жазу және арифметиканы үйретуге бағыт алды
(Ravitch, 2011). Сонымен қоса тек тестілеуде кездесетін тақырыптар-
ды гана оқуға рүқсат берілді. Мұғалімдер қарапайым тестілеу дағды-
ларын үйретуі керек болды. Ал тестілеу процесінің өзіне мектептер
едәуір көп уақыт, күш және қаражат жұмсайды.
Аса маңызды тестілеу кейбір оқушылардың ынталандырылмай,
багадан тежеліп қалатынын, демек, пайдасынан зияны көп болаты-
нын көрсетті. Зерттеулер көрсеткендей, оқушыларды артқа тартудан
түк шықпайды және бүл олардың үзақ мерзімді академиялық үл-
геріміне кері әсерін тигізуі мүмкін. Бүл бір жағынан оқушылардың
оқудан шыгып қалу қаупін де көбейтеді (Grodsky et al.. 2008; Hong &
Raudenbush, 2005). Сонымен қатар мектеп пен мүғалімдердің деңгейін
тест нәтижесімен анықтауға шектен тыс тәуелділік көптеген мек-
тептердің осы жүйеге сәйкес айлалар жасауына алып келді. Мысалы,
мектеп әкімшілігі үлгерімі төмен, тестілеуден қүлап қалуы ықтимал
оқушыларды алдын ала мектептен шыгуға мәжбүрлеп, аса маңызды
тесгілеу нәтижелерін жасанды жолмен жақсартуға тырысты. Енді бір
жағдайларда тест пен оған қатысу туралы мәлімет үлгерімі төмен оқу-
шыларға жоғары оқу орныиа түсуге лайықты білім берудің орнына
мектепке келмеуге және мектепті тастауға кецес беру үшін қолданыл-
ды (Jennings, 2010). Ал Атланта, Колумбия және Вашингтонда әшкере
болғанындай, жүздеген мектеп директоры мен мүғалімдері «Легали-
зациядан тыс қалған бала жоқ» талабына сәйкес оқушылары оқу және
санау дағдыларын үйренуде ілгерілеушілік танытқандай көрінуі
үшін тест жауаптарын өзгерткен (Ravitch, 2011).