БІЛІМ ЖӘНЕ ДІН
343
басыларға көптеген нұсқа (оқыту ваучерлері, салықтық жеңілдіктер,
магниттер мектебі, жеке мектептер және үйде оқыту) ұсынады. Оқыту
ваучерлері және салықтық жеңілдіктер жеке (кей жағдайда діни) мек-
тептерге ақы төлеуге көмектесуге арналған. Магниттер мектебі - оқу-
шыларды қызықтыру үшін арнайы бағдарламалар мен тәсілдерді үсы-
натын мемлекеттік мектептер. Олар көп жағдайда тілдік орта, өнер,
математика, гылым сияқты негізгі дағдыларға аса мән береді. Жеке
мектептер - магниттер мектебіне ұқсайды.
Бірақ жеке меншіктің ен-
шісінде болады. Жеке мектептер кей жағдайда мемлекет тарапынан
қамтамасыз етіледі. Белгілі бір курстарға және олардың оқушылары
белгіленген академиялық үлгерім көрсеткішіне сай болуына қойыла-
тын талаптардьщ орындалуын қоғам қандай да бір деңгейде бақылап
отырады.
Мектеп таңдауды қолдаушылар Форд және Шевроле көлік компа-
ниялары жақсы өнім үсынуда
қалай бәсекелессе, мектептер де оқушы-
ларды солай оқытуга тырысып, бәсекеге түссе жақсы, сапалы білім бе-
реді деп есептейді (Chubb & Мое, 1990; Schneider, Teske и Marschall, 2000).
Мектеп таңдау қозгалысы АҚШ-та соңғы жиырма бес жылда қүрылған
«үлкен үкіметке» ішінара қарама-қайшы келеді. Бірақ мектеп таңдау
процесі солшылдар мен оңшылдар арасынан - қара сепаратистер, «Ер-
кін түрдегі алтернативті мектептерге» сенетін либералдар, әсіресе ба-
лаларының үйде немесе ата-ана құндылықтары жогары қойылатын
тыңгылықты таңдалған мектепте
оқыганын қалайтын евангелие
христиандарынан қолдау тапты.
Мектеп таңдау үшін кейбір артықшылықтар үтымды көрін-
генімен, ғылыми түрғыда оларды дәлелдеу қиынға түседі. Мектеп
тацдау бағдарламасына қатысатын оқушылар басқа оқушылардан
бастапқы кезден ерекшеленеді. Олардың
ата-аналары басқалар-
мен салыстырғанда білімді болып келеді. Сонымен қатар олардың
ата-аналары балаларының ең жақсы білім алганын қалайды және
сол үшін уақыты мен басқа ресурстарын аямайды. Нәтижесінде, ба-
лалары қай мектепте немесе үйде оқыса да білімі жақсы болады.
Кейбір жеке мектептер мен оқушылар қоғамдағы қатарластарынан
озық болуына қарамастан, қазіргі
зергтеулердің нәтижесі жеке
мектепке баратын оқушылардың басқалардан білімі артық бола
бермейтінін, тіпті мемлекеттік мектеп оқушыларынан төмен де бо-
луы мүмкін екенін көрсетті (Renzulli & Roscigno 2007). Үйде оқитын
балалар әдетте стандартты гестілеу кезінде ұлттық орта көрсет-
кіштен жоғары нәтижеге қол жеткізеді. Бірақ бүл нәтиже шынайы
болмауы да мүмкін. Өйткені ата-аналары
бақуатты және білімді
оқушылардың тест тапсыру мүмкіндігі жогары болады (Collom,
2005; Belfield, 2004).
Мектеп таңдауды қолдамайтындар бүл бағдарламаның бірне-
ше күтпеген жагымсыз нәтижелерін анықтады. Біріншіден, бағдар-
лама әлеуметтік теңсіздікті күшейтеді. Өйткені оқуға берілетін
ваучер мен салықтық жеңілдіктер
оқу ақысы мен жол ақысына
кететін шығындарды өтей алмайды. Оны тек орта тап пен жогары
тап өкілдері ғана пайдалана алады. Арнайы және жеке мектептер
жайы да осылай. Екіншіден, мектеп
таңдау бағдарламасы мектеп
ішілік сегрегацияны арттырады (Saporito and Sohoni 2006). Көптеген
оқушының үйде білім алуы немесе жеке не арнайы мектепке бару
себебі - олардың ата-аналары «өзіне үқсамайтындардан» балала-
рын алш ақ үстауға тырысады (Renzulli & Roscigno, 2007).
Үшіншіден, мектеп таңдау бағдарламасы барлық ауданды жога
ры сапалы мектептермен қамти алмайды және америкалықтардың
мемлекеттік білім алуға қүлшынысын бәсеңдегеді. Балалар сон-
дай альтернативті ортада шыгармашылық ойлауға
және қоршаган