Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет65/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   529
Қатыса отырып бақылау
Әлеуметтің қажеттілігіне 
бейімделу - шындыққа қарағанда 
неғүрлым лайықты және 
әлеуметтік түрғыдан қолайлы 
болу үшін шындықты өзгерту 
үдерісі.
Қатыса отырып бақылау 
әдісі - қатысу, сұхбат алу 
және байқау арқылы «зерттеу 
алаңында» зерттеу жүргізу тәсілі.
Ғалымдардың «зерттеу алаңында» субъектілердің күнделікті өмірі- 
не қатысып, олардың тұрмыс-тіршілігін бақылауын, өмірі жайлы 
сұхбагтасу арқылы жүргізетін зерттеуін қатыса отырып бақылау 
әдісіне жатқызамыз. Бұл әдіс әсіресе өзара әрекетке түсудің заңды- 
лықтарын ашу және олардың мәнін үйрену үшін пайдалы. Адам- 
дардан не істейтінін немесе неге сенетінін сұрайтын ғалымдардан 
айырмашылығы - қатыса отырып бақылаушы ғалымдар адамдар- 
дың іс жүзінде не істеп жатқанын көруге тырысады. Қатыса отырып 
бақылау әдісін субъекгивті мәндерді, жеке қарым-қатынастарды 
және қоғамдық өмірді зерттейтін интеракционистер жиі қолданады.
Қатыса отырып бақылау әдісі - заңсыз есірткі егу сияқты қо- 
ғамда айыпталатын мінез-қүлықтарды зерделеу үшін жалғыз тиімді 
әдіс. Қатыса отырып бақылау әдісінде зерттеудің негізгі үш тәсілі - 
сүхбаттасу, қатысу және байқау қолданылады. Зерттеуші іс-әрекет 
орнына барып, сонда адамдармен қалыпты жағдайда, бейресми түр- 
де әңгімелесіп, олардың істеп жатқан іс-шараларына қатысып, бас-


ҚОҒАМ ТУ РАЛ Ы ІЛІМ
55
қа қатысушылардың іс-әрекеттерін қадағалай алады. Ақыл-ой және 
тәжірибе критерийлеріне сүйене отырып, бұл әдістердің қайсысын 
таңдауды өзі шешеді. Мысалы, студенттер қалашығында алкогольді 
ішімдік ішетіндерді зерттейтін бақылаушыға әр түн сайын ішудің 
қажегі жоқ. Мұның орнына ол ішетіндермен де, ішпейтіндермен де 
үзақ, бейресми сұхбат жүргізеді, студенттік кештер мен іс-шараларға 
қатысады және әртүрлі студенттік субмәдениеттерде спиртті ішім- 
діктің атқаратын рөлін анықтап, оларды түсінуге тырысады.
Қатыса отырып бақылау әдісі қалыпты әлеуметтік ережелерді 
бұзатын мінез-құлықты зерттеу үшін пайдалы. Мысалы, сауалнама 
кезінде студенттер ұйымының мүшесінен ес-түсінен айырылып мае 
болуы қаншалықты жиі кездесетінін сұрасаң шын жауап бермеуі 
мүмкін, тіпті есінде ештеңе қалмауы да ықтимал. Ал егер біз кампус- 
тағы студенттер ұйымдарының кештерін бақыласақ, студенттердің 
қаншалықты жиі мае болатынын өз көзімізбен көрер едік.
Көбіне қалыптан тыс топтар туралы ақпарат алудың жалғыз 
жолы - қатыса отырып бақылау әдісі болып шығады. Егер біз кол­
ледж студенттерінің ішімдік ішуін зерттегіміз келсе сауалнамалар- 
ды хат арқылы жіберіп, әйтеуір кейбіреулері жауап берер деп үміт- 
тенеміз. Ал үйсіз маскүнемдерден қалай сауалнама аламыз? Оларды 
тапсақ та жауап берер ме екен? Осы себепті жалаңаш бишілер, заңсыз 
есірткі түтынушылар, америкалық көп әйел алушылар (полигамис- 
тер) тәрізді топтар туралы ақпарат алудың жалғыз жолы - қатыса 
отырып бақылау әдісі болып табылады.
Қатыса отырып бақылау әдісінің басты кемшілігі - әдетте бұл 
аз ғана адамға негізделеді және ол адамдар кездейсоқ таңдалмайды. 
Деректер жүйелі емес, үлгілерді бір топтардың өкілдерінен таңдауға 
мүмкіндік жоқ. Соған қарамастан, өзіміз бақылаған адамдар туралы 
көп нәрсе біле аламыз. Бұл ақпарат басқа техникалардың көмегімен 
жүйелі түрде зерттеуге болатын идеяларды қалыптастыруға көмек- 
теседі. Осы себепті ғалымдар зерттеудің алғашқы қадамы ретінде 
бұл әдісті жиі пайдаланады.
Қатыса отырып бақылау әдісінің тағы бір кемшілігі - бақылау 
мен нәтижені жалпылау бір зерттеушінің түсіндіруіне негізделе- 
ді. Зерттеушілер робот емес, сондықтан олардың қорытындылары

Заңсыз есірткі қабылдаутәрізді 
I қоғамғажатқылықтарды 
зерттеудіңбірден-бір оңтайлы тәсілі -
қатысушыларды бақылау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет