кереметті көрмеген еді. Дәл Ислам дініндей адам баласына материалдық
және рухани бақытты бұрын-соңды ешбір жүйе бере алған емес.
Пайғамбарымыз мақтаулы Мұхаммедтің (с.а.с.) мұғжизасын көзімен
көрген ізгілер сол жерде еріксіз «Аллаһтан басқа құдай жоқ» дей берді. Ал
тастай қатты жүректеріне Аллаһ тағала иман нәсіп етпеген бақытсыздар теріс
айналды. Арада қарт тарихтың қанша парағы аударылып жатса да
мұсылмандар үшін ұлы мұғжиза Құран кәрім күні кеше ғана Пайғамбар
(с.а.с.) аузынан шыққандай өміршең қалпын сақтауда. Ал пайғамбар
Мұхаммедті (с.а.с.) саясаткер, философ деп санайтын дүниеқоңыздар үшін,
Құран сөзі баяғылардың ертегісі ғана. Құдай ондай ойдың бетін ары қылсын!
Араб әдебиеті шарықтау шегіне жеткен тұста түскен аяттарды
тыңдаған адамзат баласының аузынан суы құрыды. Аузымен құс тістеген
ақындар Құранды естігеннен кейін көбі қолдарына қалам алмай кетті. Сол
уақытта кейбіреулер Құранға жала жабудан да тайсалмады, бірақ жапқан
жалаларына өздері де сенбес еді. Құран тілі өздерінің ана тілі болғанымен,
олардың әлімсақтан бері қолданып келе жатқан сөз қолданысы мен сөйлем
құрылымынан мүлде бөлек, өзіне ғана тән көркемдік пен тапқырлығы
жұртты тегіс таң қалдырған. Ойы жүйрік сөз дүлдүлдерінің өзі ұлы
Құранның алдында бас игеннен басқа шарасы қалмады.
Құран Аллаһтың сөзі екені және бұл туралы күдігі барларды күреске
шақырып: «
Достарыңызбен бөлісу: