30. Айдың екіге жарылу мұғжизасына неге бүкіл әлем куә болмаған?
Бір күні Меккенің бетке ұстар тұлғалары Мина алқабында жиналып,
сахабаларымен отырған Пайғамбарымыздан тағы бір мұғжиза көрсетуін та-
лап етті. Бұл жолы: «Айды екіге бөлсең, айтқандарыңа иман келтіреміз», –
деді. Құрайыштықтардың иманға бет бұруын шын жүректен қалаған
Пайғамбарымыз (с.а.с.) мүбәрак сұқ саусағымен айды көрсетті де екіге
бөлгендей қимыл жасады. Осы сәтте ай екіге бөлініп, бір бөлігі Әбу Құбайс
тауының басына, екіншісі Қуайқан деген таудың төбесінде екіге бөлінді.
Осыдан кейін Пайғамбарымыз (с.а.с.) қасындағы адамдарға: «Куә болыңдар»,
– деді. Аз уақыттан кейін ай қайта қалпына келді. Мүшріктердің негізгі
мақсаты иман келтіру болмағандықтан, мына қолайсыз жағдайдан қалай
құтылатындықтарын білмей, біраз әбігерге түсті. Артынша біреулері:
«Мұхаммед сендерді сиқырлады», – десе, енді бірі: «Егер Мұхаммед айға
сиқыр жасаса, онысы барлық жерге әсер етпейтін шығар. Басқа жақтан
келетіндерден сұрапкөріңдер», –деп күмәнданды.Алайда басқа қаладан
келгендер де айдың екіге бөлінгенін, сонан соң қайта қалпына келгенін
көргендерін айтып таңданып жатты. Сонда да арсыз мүшріктер мойында-
май, «
Достарыңызбен бөлісу: