36. Науқас адамдарды емдеген бе?
Аллаһ елшісі (с.а.с.) нұры кеткен, адасқан жүректерді емдеуші
көңілдерге жұбаныш, қайғы мұңдағыларға үміт сыйлайтын рухани дәрігер
десек болады, өйткені Аллаһ елшісі (с.а.с.) адамдардың жан- дүниесін
байытып, екі дүниенің бақытын сыйға тартып, дін Исламды таратушы.
Адамдарға имандылықты үйретті, ақиретіне пайдалы ізгі амалдарды,
Аллаһтың алдындағы құлдардың міндеттерін түсіндірді. Алайда бұл
мақсатымен қоса жанындағы кейбір адамдарды науқасынан емдеп жазды.
Ибн Аббас былай дейді: «Пайғамбарымызға (с.а.с.) ақыл-есі кем бір
баланы алып келеді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) мүбәрак қолын оның көкірегіне
қойды. Артынша бала құсты, аузынан қияр көлеміндей қара нәрсе шықты да,
бала науқасынан айығып кетті» (Дарими, Муқаддима: 4. Мүснад, 1:254;) .
Тағы бір риуаятта Мұхаммед ибн Хатип есімді бала ыдыстағы қайнаған
су төгіліп, қолын түгелімен күйдіріп алыпты. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.)
оның қолын сипап, түкірігін сүрткен екен, көп уақыт өтпей баланың қолы
жазылып кетеді (Қади Ияд, әш-Шифа, 1:324; Али әл-Қари, Шарһул-шифа,
1/657.)
Хайбар соғысының алдында Алидің (р.а.) көзі ауырып жатып қалған
болатын. Пайғамбарымыз оны дереу шақыртып алып мүбәрак түкірігін алып,
хазіреті Алидің (р.а.) көздерін сүртті. Хазіреті Али (р.а.) ант ете отырып:
«
Одан кейін көзім еш ауырған емес
», – деп қуанады. Осы секілді тағы бір
риуаятта ер жеткен мылқау бала Аллаһ елшісінің (с.а.с.) жанына келеді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) одан: «Мен кіммін?» – деп сұрайды. Сонда сөйлей
алмайтын бала: «Сен Аллаһтың елшісісің», – деп сөйлеп кетеді. Сол бойда
баланың тілі шығып, сөйлеп кеткен екен (Қади Ияд, әш-Шифа,1:319; әл-
Бидая уан-ниһая, 6:158-159). Әрине, бұлардың барлығы Аллаһ елшісіне тән
пайғамбарлық қасиет. Оның емдеуі Аллаһтың қалауымен орындалады. Әрі
бұл оқиғаларды көрген сахабалардың иманы артып, дінге деген беріктігі
нығая түсті.
Медицина саласы дамыған кезеңде Иса (а.с.) пайғамбар келіп, ол
салада алапес ауруын емдеу, өліні тірілту секілді түрлі мұғжизалар көрсетіп,
өзінің Аллаһтан келген елші екендігін дәлелдеп дінді түсіндірген болатын.
Ал Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) шешендік өнер саласы дамыған
уақытта, қарапайым халық жай сөзбен емес өлең сөзбен сөйлейтін дәуірде
Құран мұғжизасымен келіп, барша адамдарды Құранның сөздеріне бас игізді.
Өзінің Аллаһтан келген елші екендігін мойындатты. Негізгі мақсат-мұраты
дінді жеткізу болғандықтан, Аллаһ елшісі (с.а.с.) өзіне келген кейбір
науқастарды білікті дәрігерлерге жіберіп, халыққа дін Исламды, Құранды
түсіндіруге тырысқан. Бірде сахаба Сағд ибн Уаққас науқастанған еді, сонда
оны зиярат етіп келген Аллаһ елшісі (с.а.с.) оның ауыр халде жатқанын
көріп: «
Харис ибн Калдейді шақырыңдар, ол жақсы емші, келіп емдесін
», –
деген (Әбу Дәуіт, Тиб 12.) . Әр салада өзінің маманына баруды қалаған Аллаһ
елшісі науқас адамның да білікті дәрігерге баруын дұрыс санаған. Білімсіз
адамдардың емшілік жасап, дәрігерлікпен айналысуына тыйым салып былай
деген: «
Кімде-кім білімі болмастан емшілік (дәрігерлік) жасаушы болса,
зиян тигізген жағдайда қарымын өтейтін болады
»( Әбу Дәуіт, Диат 23;
Насаи, Қасама 41.) .
Аллаһ елшісі денсаулық Аллаһтың адам баласына берген үлкен
нығметі екендігін: «
Адамдардың көпшілігі қадіріне мән бермейтін екі
нығмет бар: денсаулық пен бос уақыт
»( Байһақи, Риқақ 1; Тирмизи, Зүһд 1;
Ибн Мажә Зүһд, 15.) деп хадисте білдіреді. Егер науқастанған болса оны
емдеу керектігі жайлы: «
Аллаһ тағала дертті де, оның шипасын да бергені
секілді оны емдейтін дәрісін де берген, сондықтан емделіңдер, алайда
хараммен емделуші болмаңдар
» (Әбу Дәуіт, Тиб 11) деп емделуге, дертіне
дауа болатын дәрі-дәрмек іздеуге шақырған. Пайғамбарымыз (с.а.с.) адамның
тәні – Аллаһтың адам баласына берген аманаты, сол үшін оны сақтау,
науқастанса емделу діннің талабы екендігін меңзеген, сондықтан
Пайғамбарымыз (с.а.с.) ауруына шағымданып келген науқастарға кейбір
емделу жолдарын көрсеткен. Мысалы, төмендегі хадистер соны көрсетеді:
–
« Адамның ыстығы артқанда, ыстықтың зиянынан қан алдыру
арқылы емделіңдер. Қатты ыстық қан қызуын арттырып, өлімдеріңе себеп
болмасын »
(Румузул-Ахадис:71/6) .
–
« Шындығында, қара зере «сәмнен» басқа барлық дертке шипа »,
–
дегенде Айша анамыз «сәмнің» не екенін сұрайды. Аллаһ елшісі (с.а.с.)
«өлім», – деп жауап берген (Бұхари 5687) .
– «
Шипа үш нәрседе: бал ішуде, қан алдыруда және күйдіруде, бірақ
мен үмбетіме күйдіріп ем салуды тыямын
» (Бұхари 5680) деп қан алдыру
мен бал жеу дертке дауа болатынын айтқан.
– «
Әрбір мұсылманның (ең аз) жеті күнде бір жуынуы, Аллаһтың
пендедегі ақысы
» (Мүслим, Жума), «
Аллаһ – таза, тазалықты жақсы
көреді. Айналаны таза ұстаңдар
» (Тимризи, Әдеп 41) деп, тазалық – деннің
сау болуының кепілі, ал ластық ауруға себеп болатынын білдірген.
– «
Астарыңыздың аузын ашық қалдырмаңыздар
» (Мүслим, Ашриба
98; Әбу Дәуіт , Ашриба, 22) деп түрлі микробтың түсуінен сақтандырған.
– «
Аллаһ тағала шипаны адамды мас ететін нәрседен жаратпаған
»
(Бұхари, Ашриба)деп шариғатымыз харам еткен нәрселермен ем қабылдау
пайдасыз екендігін айтқан.
– «
Ораза тұтыңдар, дендерің сау болады
» (Файзул-Қадир 4/212) деп
аштықпен емделудің мәнін ұқтырған.
– «
Сапарға шығыңдар, денсаулықтарың жақсарады
» (Табарани) деп
жер ауыстыру, ұзақ сапарға шығу адамды сергітіп, ауруынан айықтыратынын
айтқан.
– «
Сүрме жағыңдар. Ол көзді ашады, кірпікті қоректендіреді
»
(Тирмизи, Либас 23; Ахмад ибн Ханбал, Мүснад 3/476)
– «
Алапеспен ауырған адаммен араңызда бір найза ұзындығындай
алыс тұрып сөйлесіңдер
» (Румузул-Ахадис 2/471) .
– «
Егер қайсыбіріңнің ыдысына шыбын түссе, оны түгелдей батырып
алып, сосын лақтырып тастаңдар, өйткені оның бір қанатында шипа болса,
екінші қанатында індет бар
» (Бұхари 5782) деген.
Сондай-ақ емделумен қоса, дерттің емін тек Аллаһ беретін
болғандықтан, дұға етуді маңызды санап: «
Аллаһ тағаладан дүние және
ақирет сыйы мен саулық тілеңдер
» (Ибн Мажә, Дуа 5) деп өсиет етіп: «
Аллаһ тағалам! Денеме, көзіме және құлағыма саулық бере көр
» (Әбу Дәуіт,
101) «
Уа, Аллаһ тағалам! Амандық бер, мейіріміңе бөле, тура жолда жүргіз.
Денсаулық бер және рызықтандыр
» (Мүслим, Зикр:35) деп дұға тілеген.
Тіпті кейбір аурудан дем салу арқылы арылуды өсиет еткен.
Бірде Пайғамбарымыз (с.а.с.) Умму Сәләсаның үйінде бетінде қара дақ
бар қыздыкөріп: «Дем салыңдар, оған көз тиіпті», – деген. Аллаһ елшісі
(с.а.с.) қатты науқастанып ауырған мезгілде муауизәтәйн («нас», «фалақ»)
сүрелерін оқып, алақанына үрлеп, денесінің қол жеткен жеріне дейін сипап
дем салған. Қайтыс болардың алдында қатты науқастанғанда, Айша анамыз
осы сүрелерді оқып, үрлеп Пайғамбарымызға дем салған (Р. Бути, Фиқһус-
сира «Пайғамбарымыздың соңғы уақыттары»; Бұхари, емшілік кітабы) .
Айша (р.а.) анамыз былай дейді: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) науқастанса,
«муауизатайн» оқып, алақанына дем үрлеп, қолымен денесін сипайтын. Ол
дүние салардағы науқасымен ауырғанда мен де өзі дем салатыны сияқты
муауизатайнды оқып, дем үрлеп, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қолымен
денесін сипай бастадым» (Бұхари 4439) дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |