Келісімшарттарды хазірет Алиге (р.а.) жаздыратын. Мәселен,
құрайышпен арадағы келісімшартты, мал- мүлікке қатысты жарлықтар, жеке
тұлғаларға қатысты хат-хабарларды қағазға түсіріп отырды.
Үбәй ибн Кағыб(р.а.)Пайғамбарымыздың Мәдинаға келгенде жазуын
алғаш жазған ансарлық. Сондай-ақ хат соңына «пәленшеұлы түгенше» деп
атын қалдыруды да алғаш жүзеге асырған осы Ибн Кағыб еді. Мәдинада
түскен уахилар да Үбәйдің қолынан жазылды. Ол жоқ кездері жазу ісін Зәйд
ибн Сәбит (р.а.) мойнына алып отырған. Бұл істе өте шеберлік танытып,
уахидан басқа да жазатын көп жұмыстарды үздік орындаған. Хазірет
пайғамбар оған яһуди (еврей) тілін үйренуді тапсырады. Ибн Сәбит бұл тілді
бес-ақ күнде меңгеріп алады. Кейінірек сириялықтардың тілін үйренуді
тапсырады. Бұл жолы ол он жеті күнде үйреніп, ерекше қабілетін байқатады.
Абдуллаһ ибн Әркам (р.а.) – Пайғамбарымыздың нағашысы. Аллаһ
елшісі әлдебір хат келген кезде «Кім мынаған жауап жазады?» – деп
сұрайды. Сол кезде топ ішінде Әбу Бәкір мен Омарлардың отырғанына
қарамастан Абдуллаһ: «Мен жазайын», – деп суырылып алға шығады. Аллаһ
елшісі кейбір керек хаттарды сақтауды да соған сеніп тапсыратын.
«Бисмиллаһ»-ты алғаш жазған сахаба Халид ибн Саид есімді (р.а.)
сахаба. Онымен қоса Халид ибн Уәлид (р.а.), Ұқба (р.а.), Талха ибн
Ұбайдуллаһ (р.а.), Әбу Әюб Халид ибн әл-Ансари (р.а.), Әбу Суфиян ибн
Харб (р.а.), Бұрайда ибн Хұсайб (р.а.), Зүбәйір ибн Ау- уам (р.а.) сынды
сахабалар жазу-сызу ісінде қызмет еткен.
Достарыңызбен бөлісу: