Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы



Pdf көрінісі
бет2/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

 
Баспадан 


1.
 
Пайғамбарлардың жіберілу сыры неде? 
Пайғамбарлардың жіберілуінің басты міндеті – өз халқын Аллаһтың 
бар және бір екеніне иман етуге шақыру. Ұлы Жаратушымыз құмырсқаны да, 
бал арасын да басшысыз қалдырмағаны секілді адамзат баласын да қараусыз 
қалдырмай, иманға шақыру үшін әркез пайғамбарлар жіберіп отырған. 
Жоқтан бар етіп, сан түрлі нығметке бөлеп, көркем бейнеде жаратқан Хақ 
тағала адамды басқа тіршілік иелерінен қадірін артық қылды, бірақ кейде 
пенде осыншама нығметтің шүкірін білмей, Ұлы Жаратушысын танымай, 
өмір сүрлеуінен жаңылып, өз бетінше тура жолды таба алмай қиналады. 
Әрине, Аллаһ тағаланы әркім өз бетінше тани алмайтынына тарих куә. 
Мысалы, екі пайғамбар арасындағы дәуірдің өзінде адамдар неше түрлі 
нәрселерге табынып, тіпті табиғат құбылыстары мен жұлдыздарға құлшылық 
қылуға дейін барған. Біреулер бұл құдіретті «табиғат» деп қабылдаса, кейбірі 
қолдан жасалған пұттарды құдай көрді. «Неге пұтқа табынасыңдар?» – деген 
сұраққа «Бізді Жаратушыға жақындата түссін деп ғибадат етеміз», – деп 
жауап беретін. Ой-өрісі пұтқа табынуға ғана жететін жалпақ жұртты дұрыс 
жолға бастап, иманға шақыру жауапкершілігі ақырғы елшіге жүктелді. Міне, 
сондықтан Аллаһ тағала мейірімімен өзінің елшісі Мұхаммед Мұстафаны 
(с.а.с.) жіберді. 
Пайғамбарлардың жіберілуінің екінші бір хикметі– шариғатты толық 
түсіндіру. 
Аллаһ тағала адамды тек ақылдың ғана жетегінде ұстамаған, өйткені 
жақсылық пенжамандық ұғымдарын әрбір ақыл иесі әрқалай түсінуі кәдік. 
Бұның бір мысалы, пәлсапашылардың бақыт пен бақытсыздық, ләззат пен 
мазасыздық, жақсылық пен жамандық турасында түрлі көзқараста болуында. 
Ақ пен қараны ажыратуға қабілетті болғанмен, ақыл өмір бойы бір қалыпта 
тұра бермейді, өйткені адамныңжеткіншеккездегі ақылымен жастық 
шағындағысы, қартайған кездегісі бір-біріне ұқсамайды. Тіпті кейде ақылдың 
біле тұра жамандыққа қызмет ететіні де аракідіккездеседі. Сол себепті 
мейірімі шексіз Аллаһ тағала адамдарға пайғамбар жіберіп, ақ пен қараны 
ажырататын шариғатты түсірді. Егер Аллаһ елшісі шариғатымызды 
түсіндірмегенде, онда біз намаз, ораза, зекет, қажылық сияқты құлшылықтың 
мән- мазмұнын ұғынбай, арақ ішу, зина жасау, ғайбат айту мен кісі ақысын 
жеудің күнә екенін білмес едік. Алайда адамның жаратылыс мақсаты – 
Аллаһқа құлшылық ету. Құран аятында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет