Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы



Pdf көрінісі
бет7/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

5. Ата-анасы мүмин бе? 
Аллаһ елшісінің (с.а.с.) ата-анасы фәтрәт дәуірінде өмір сүрген. Фәтрәт 
дәуірі деп екі пайғамбардың арасындағы уақыт кезеңін айтады. Әсіресе, Иса 
(а.с.) мен хазірет Мұхаммедтің (с.а.с.) арасындағы уақытты меңзейді. Хазірет 
Исаның (а.с.) әкелген діні бұрмаланып, ақиқат шуағы пайғамбардың 
заманына жетпегендіктен, сол кезеңдегілер фәтрәт дәуірінің адамдары деп 
аталған.
Бұл дәуірде өмір сүргендер Иса пайғамбардың (а.с.) шынайы дінін 
толық түсіне алмай, не Пайғамбарымыз (с.а.с.) насихат қылатын Ислам 
дініне жете алмай дүниеден озған. Егер олар пұтқа табынбаса, оларды құдай 
деп қабылдамаса, тіпті Аллаһқа толық иман етпегеннің өзінде кешірілетіні 
туралы ғалымдардың көпшілігі ортақ пікірге тоқтаған, өйткені Құранда:
الًوُسَر َثَعْبَن ٰىَّتَح َنيِبِّذَعُم اَّنُك اَمَو
«Біз пайғамбар жібермейінше ешкімді азаптамаймыз» 
(«Исра» 
сүресі, 15) деп бұл мәселені анық шешіп берген.
Бір күні кемеңгер ғұлама Шарафуддин Мұнауиден біреу: «Мұхаммед 
пайғамбардың ата-анасы жаhаннамда ма?» – деп сұрапты. Данышпан Мұнауи 
ашуланып: «Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ата-анасы фәтрат кезеңінде 
өмірден өткен. Ал пайғамбарға дейін өмір сүргендерге азап жоқ, кешірім 


бар», – деп жауап беріпті (Дамира Өмірзаққызы, Адамзаттың асыл тәжі
«Алтын қалам» баспасы, Алматы, 2007. 74-б) .
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әке-шешесі мен атасының осы тұрғыдан 
кешірімге қауышатынында ешқандай күмән жоқ. Оның үстіне бір хадисінде 
әке- шешесінің тірілтіліп, өзіне иман еткені туралы айтылады. Бұл хадис сын 
тұрғысынан әлсіз саналғанымен, Имам Суюти сияқты үлкен ғалымның бұл 
хадисті қабылдауы, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) әке-шешесінің иман 
еткендіктерін білдірсе керек. Екінші жағынан әкесі Абдулланың да, шешесі 
Әминаның да пұтқа табынғанына қатысты ешбір дәлел жоқ. Сол дәуірде де 
бір ғана Жаратушыға сеніп, пұтқа табынбай Ибраһим пайғамбардың (а.с.) 
дінімен өмір сүргендердің болғаны белгілі. Фәтрәт дәуірі адамдарының 
осыдан айрылмай өмір сүруі жұмаққа кіруіне жетіп жатыр.
Сол дәуірде өмір сүрген Зәйд ибн Амр, Уарақа ибн Нәуфәл сияқты 
кісілер де осы топқа кіреді. Олар жалғыз Аллаһқа иман еткен. Мүмкін, өздері 
сенген Жаратушыға қалай құлшылық етуді білмеген шығар, бірақ Ұлы 
құдіретке 
іштей 
бағынып, 
ханифтікті 
ұстанған, 
сондықтан 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әке-шешесі фәтрат дәуірінде өмір сүргендіктен 
діннің міндеттері жайлы сұраққа тартылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет