Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


«Жын мен адамды тек Өзіме



Pdf көрінісі
бет3/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

«Жын мен адамды тек Өзіме
құлшылық етсін деп жараттым»
( «Зәрият» сүресі, 56) деп ашық айтылады.
Сол себепті пайғамбарлардың міндеті – ғибадат пен шариғатты үйрету. 
Елшілердің жіберілу хикметі – қоғамға үлгі болу. Тек дін тұрғысынан 
ғана емес, дүниелік іс-әрекет жақтан да өнеге көрсету. Олар рухы биік, ерік-
жігері қуатты, жаратылысынан таза болып келеді. Қасиетті Құран хазірет 
Мұхаммедке (с.а.с.) бұрынғы елшілердің жолымен жүруді әмір ете отырып
бұл жолдың бүкіл адамзат үшін үлгі екендігіне назар аудартады(«Әнғам» 
сүресі, 90) Қай жағынан алып қарасақ та кез келген расулдыңжеке өмірі 
шынайы көркем мінез бен ізгілікке толы. Адамзаттың бейғам тіршілік кешіп, 


рухани азғындыққа салынуын қаламаған пайғамбарлар Ұлы Құдіретті 
танытамын деп кісі төзгісіз қиындықтарды бастан өткерген. Өмірінде бір 
сәтке де дүниені мұрат етпеген. Жеке бас мүддені олар атымен ұмытқан. 
Құрандағы 
«Олардың бәрі ізгі
жандар еді» 
(«Әнғам» сүресі, 85) деген аят 
бүкіл елшілер туралы ашық білдіреді. Демек, бұл құтты елшілердің барша 
адамзат үшін ең көркем үлгі, адастырмас жетекші екенінде ешқандай күмән 
жоқ. Пенденің міндеті соларға мойынсұнып, сілтеген бағытқа бет түзеу ғана. 
Пайғамбарлардың тағы бір ерекшелігі – дүние мен
ақиретті қатар 
алып жүру
. Осы арқылы адам баласы асыра сілтеуден тыйылып, орта жолды 
табады. Дүниені жанға жақын тұту да, тіршіліктен біржола алыстау да 
Пайғамбарымыздың жолына жат. Дүниені шектен тыс жақсы көру күнәға 
апарар төте жол екені бесенеден белгілі. Ал ақирет өміріне келгенде көбіне-
көп діннің негізіне қиял араластырып, хадиске пікірін қосып ой қорытқандар 
бой көрсетіп отырған. 
Ақиретке деген сенім кенжелеп қалған бүгінгі қоғамда бақыт пен 
тыныштықтың орнауы оңай емес екеніне көзіміз жетіп отыр. Тіпті бала екеш 
баланың өзі өлім атты үрейлі ұғымнан жұмақ туралы ақиқат арқылы арыла 
алады. Ал төрінен көрі жақын қариялар ақиретке иман етумен күні ертең 
кіретін қабірінен мәңгілікке жоғалуды емес, жұмаққа ашылған есікті көреді. 
Жалындаған жастар да бойында тасыған сезімдері мен алапат 
құмарлықтарын жұмақ пен тозақ ұғымдары арқылы тежейді. Демек, шынайы 
бақытты қоғам қалыптастыру адами болмыспен үйлесе білетін, иләһи 
қағидалар орнатқан пайғамбарлардың ғана қолынан келмек. 
Елшілердің жіберілу хикметтерінің тағы бірі – ұлы сот күнінде 
амалдарымыз таразыға тартылып, есеп берілер шағында «Бізге ескертуші 
келмеді», – деп сылтау айтпау үшін. Бұл Құранда былай түсіндіріледі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет