туған Қасым атты тұңғыш ұлына байланысты «Әбул-Қасым» (Қасымның
әкесі) деген лақап есімі болған.
Бір хадисінде: «Менің бес есімім бар. Мен Мұхаммедпін, Ахметпін,
Махимін – Аллаһ күпірді
мен арқылы жояды, Хаширмін – адамдар қиямет
күні менен кейін тіріледі, Ақибпін – менен кейін пайғамбар келмейді», – деп
айтқаны бар (Бұхари, Мәнақиб 17) .
Ғалымдар Аллаһ елшісінің (с.а.с.) есімдері мұнымен ғана
шектелмейтінін айтады. Олардың айтуынша,
Құранда Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) сипаттары ретінде расул, нәби, шаһид, мубәшшир, бәшир, мунзир,
сиражун-нур, муддәссир, муззәммил, хатамун-нәбииун
сияқты есімдері
айтылады.
Аллаһ тағала бұдан бөлек хақ Елшісін (с.а.с.) өзіне тән Рауф және
Рахим атты екі есіммен марапаттап, қадірін айшықтай түскен («Тәубе»
сүресі, 128.) . Олай болса, Аллаһ елшісінің (с.а.с.)
есімінің көптігі, оның
қадірі мен мәртебесінің биіктігін көрсетеді.
9. Болмыс-бітімі қандай еді?
Аллаһтың жер бетіне жіберген пайғамбарлары ахлағымен де, ақыл-
парасатымен де, дене бітімімен де ерекше сұлулыққа ие. Пайғамбарымыз
(с.а.с.) кең маңдайлы кісі еді. Қасы қою, аралары өте жақын еді. Екі қасының
арасында ренжігенде ерекше білеуленіп кететін тамыры бар еді. Көзі қара,
кірпіктері ұзын. Сүрме жақпаса да екі көзі сүрме
жаққан секілді болып
көрінетін. Жымиып қарағанда сирек орналасқан ақ маржан тістері жарқырап
көрінетін. Бет-әлпеті толған айдай нұрлы еді. Дөңгелек жүзді, сақалы тығыз.
Толқын шашы қатты бұйра болмаса да, ортасынан қақ бөлініп иығына жетер-
жетпестей төгіліп түсіп тұратын. Кейде шашы тұтас таралып тұрса екіге
бөлмей тұрған қалпында жүре беретін. Шашы құлағынан төмен түсіп,
иығына жетпей тұратын. Кекілі маңдайына дейін түсіп тұратын, кейінірек
оны екіге қайырып қоятын болды. Кең иықты, кеуделі келген.
Қарны
кеудесімен бірдей болып біткен. Алақаны мен табаны ірі болатын. Алақаны
жібектей жұмсақ еді. Семіз де емес, арық та емес. Орта бойлы. Денесі
тершең, бірақ үстінен хош иіс аңқып тұратын. Екі жауырынының арасында
түйеқұстың жұмыртқасына ұқсас пайғамбарлық мөрі болатын. Жүрісі түзу,
теңселмейтін. Жылдам жүретін. Алға сәл иіле жүретін.
Бір жаққа қараса,
тұтас денесімен бұрылатын. Жан-жағына атүсті мойын бұра бермейтін.
Сахабалардың соңынан жүретін. Ол кісіден жылдам жүретін адам жоқ еді.
Әрқашан жүзі күлімсіреп тұратын.
Достарыңызбен бөлісу: