дәуірдегі думандарға қатыспақ түгіл, жолауға зауқым соқпады» (Сүһәйли,
Раудул-унф, 1\81) . Аллаһ тағала осылайша Пайғамбарымызды (с.а.с.)
жаманшылықтан қорғаған.
Үмбетіне еңбек етіп, адал аспен азықтануда үлгі болды. Аллаһ тағала
Пайғамбарымызды (с.а.с.) қой бағып бейнеттендірмей, рақат өмір сүргізсе де
болар еді. Алайда Аллаһтың хикметі өзінің жіберген елшісін (с.а.с.)
жастайынан бейнеттендіріп, адал еңбектің және халқына, еліне қызмет
етудің, өзінің туыстарына жәрдем берудің өте маңызды іс екендігін көрсетті.
Ал жатып ішер жалқаулық пен біреуге масыл болудың дінімізде жағымсыз іс
екендігін білдірген.
Бұл тұста Аллаһтың хикметі дінді жаюшы, насихатшының біреуге
тәуелді болмау керектігін білдірді. Күнделікті күн көрісін өзі тауып, біреудің
дүние- мүлкіне көз сүзбей, Аллаһтың дінін түсіндіргенде ғана бұл істе
табысты болатындығын білдірді. Дін үшін алу мен жеке қажеттілігі үшін
еңбек етудің артықшылығын ұқтырды.
Достарыңызбен бөлісу: