Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


 Көкірегінің ашылуын (шарх-садр) қалай түсінеміз?



Pdf көрінісі
бет12/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

12. Көкірегінің ашылуын (шарх-садр) қалай түсінеміз? 
«Шәрх» сөзі сөздіктерде «ашу, кеңейту, түсіндіру, баяндау» деген 
мағыналарды береді. Ал Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өзіне ғана қатысты 
«Аллаһ садрыны шәрх етті» дегені – Аллаһ тағала оның жүрегін кеңейтті, 
ақиқаттан ауытқымау үшін көкірек көзін ашты деген сөз. Ғылыми мағынасы 
– періштелердің келіп хазірет Мұхаммедтің (с.а.с.) кеудесін жарып, зәмзәм 
суымен жуғанын, алтын ыдыспен әкелген иман мен хикметті кеудесіне 
орнықтырғанын айтады.
Құран кәрімде бұл туралы: «
Сенің көкірегіңді (хикмет және Құран 
нұрымен) кеңейтпедік пе? Беліңді қайыстырған ауыр жүкті алып 
тастадық. Абыройыңды көтердік. Шындығында, ауырлықтың соңынан 
жеңілдік келеді. Ауырлық бар жерде жеңілдік те бар. Қол босаған кезіңде 
Аллаһқа құлшылық етуге құлшын. Раббыңа қарай жақында
», – делінген 
(«Инширах» сүресі, 1-8) . Бұл аятта сөз болған «шәрх-садрды» түсіну кезінде 
түрлі көзқарастар туындаған. Бірі бұл оқиғаны заттай, яғни кеудесінің 
шынымен де тілініп, жүрегінің алынғанын айтса, енді бірі бұл жерде 
ауыспалы мағынада сөз етіліп отырғанын, Хақ тағала пайғамбар (с.а.с.) 
жүрегін иман мен мағрифатқа бөлегенін айтады. Бұларды жақсылап зерттеп 
қарасақ, мұның заттай орындалғаны шындыққа жақынырақ екенін көреміз, 
өйткені Құранды тәпсірлеуде ұстанатын заңдылықтардың бірі – настың (аят-
хадистің) тура мағынасы көрініп тұрғанда, оның астарлы ұғымын іздеуге 
болмайды.
Ал енді Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көкірегінің жарылу оқиғасын 
хадистерден қарастырар болсақ, хадистердің түрлі болып келуіне 
байланысты оның бірнеше мәрте жүзеге асқанын көре аламыз. Кейбір 
ғалымдардыңайтуынша, бұлүшмәртеболған. Біріншісі, Пайғамбарымыздың 
(с.а.с.) үш жасына толғанда, Халима анамыздың ауылында қой бағып жүрген 
кезінде, екіншісі, 40 жасқа толғанда, пайғамбарлық келмей тұрып, үшіншісі, 


42 жастан асқаннан кейін миғражға көтерілерден бұрын дейді. Ал 
ғалымдардың басым көпшілігі оның екі мәрте ғана жүзеге асқанын айтады. 
Біреуі Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүт ана- сы Халиманың қарамағында 
болған кезде, екіншісі миғражға көтерілердің алдында болған. Мына бір 
риуаяттар осы ойымызды нақтылай түседі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет