дәлелдердің тұңғиығына бату. Бұлар адамның иманын арттырады, Аллаһқа
деген сенімді молайтады.
2) Аллаһқа деген сүйіспеншілікті жүрегіне орнықтыру. Бұл Аллаһ
жолында қанша қиындық болса да сабыр ету үшін күш-қуат көзі болып
табылады. Адам біреуді сүйгендіктен, соның жолында қиыншылықтардан
ләззат алады, ұзақ жолдар қысқа көрінеді, уақыт пен ақша құнсыз көрінеді.
Сол секілді, Аллаһты сүйген адам дін жолында, дінді тарату жолында көрген
қиыншылықтарына төзе алады, өзіне, отбасына келген қиыншылықтарға
сабыр етеді.Алайда мұндай сүйіспеншілікке жету үшін Аллаһтың адам
баласына берген
сансыз нығметтерін ойлауы, бұл әлемді адам баласы үшін
мекен етіп жаратқанын ұғынуы, жер бетіндегі жаратылыстарды адам
баласына қызмет еттірген Аллаһ екенін жиі еске алуы керек. Сонда ғана
Аллаһ тағала пендесінің жүрегін, өзіне деген махабаттпен, сүйіспеншілігіне
бөлейді. Сонда ғана өзінің қоғаммен бірге жүріп маңызды деп санаған фәни
дүниелік мақсаттары, мәнсіз саналып, Аллаһтың
хикметке толы әмірлері
маңызды бола бастайды. Дін жолында жүріп көрген қиындықтары,
біреулердің келеке етуі, қарсы сөз айтып, дінді таратуға бөгет болғысы
келгендердің істері шыбын шаққан құрлы әсер етпейді. Пайғамбарымыз
(с.а.с.) Хира үңгірінде Аллаһтың сансыз нығметтерін көп ойлап, рухани
кемелдікке жетті, соның арқасында Мекке мүшріктерінің
зорлық-
зомбылықтарына сабырлық танытып, оларға қарғыс айтпады. Аллаһты
барлығынан артық жақсы көргендіктен, ол жолда көрген қиыншылықты
себеп қылып Аллаһқа шағымданбады.
3) Жанталасқан дүниенің күйбең тіршілігінен, көз тартатын
қызықтарынан бір сәт жеке қалып ойланбайынша,
адам өзінің бойындағы
тәкаппарлық, кекшілдік, рия, дүниеқоңыздық, нәпсіқұмарлық секілді
сипаттарын көре алмайды. Міне, осы рухани кеселдерден құтылу үшін пенде
бір мезгіл жалғыз қалып, сәті келгенде жан- дүниесін таразылап, өз
бойындағы жаман мінездерден арылдыратын белгілі күндері болғаны абзал.
Алайда Ислам келмей тұрып Пайғамбарымыздың (с.а.с.) үңгірде жеке
қалғаны секілді қарапайым адамның тау жағалап, елден жырақ кетуі,
халықтан безінуі дұрыс емес. Басты мақсат ел ішінде жүріп-ақ халімізді
түзету, рухани кемелдікке жету, ішкі жан-дүниемізді дұрыстау.Бұл шың үшін
біреулері ұзақ уақыт отырып дұға жасаса, енді бірі ұзағынан түнгі құлшылық
жасаған, ал кейбірі табиғаттың тылсымына зер салып, тәфәккүрге салынған.
Бұл
мәселе
тасаууф
ілімінде
кеңінен
қамтылған.
Сондай-ақ
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) үңгірде құлшылық қылуын Аллаһ қалаған,
өйткені Бұхариде келген хадисте « Оған Хира үңгірінде қалу сүйдірілді ...» –
деп келген.
Достарыңызбен бөлісу: