күтпеген едің. Бұл – Раббыңнан келген бір мейірім
» («Қасас», сүресі 86)
деп өзінің пайғамбар болатынын күтпегендігін және бұл таңдауды тек Аллаһ
тағала жасайтынын нақты білдірген. Аллаһ қалағанын жаратады, қалағанын
таңдайды. Пайғамбарлық міндет Аллаһ тағаланың
барша адамдарға және
таңдаған елшісіне жасаған мейірімі мен жақсылығы. Бұл мейірім тек қана
Аллаһтың таңдалған құлдарына беріледі. Ол
кездері соңғы пайғамбардың
келетінін білген Исрайыл ұрпақтары мен арабтардың арасында
пайғамбарлықты қалағандары, пайғамбарлықты Аллаһтан тілегендері көптеп
кездесті. Алайда пайғамбарлық адамның емес Аллаһтың қалауында
болғандықтан,
бұл міндетті еш ойламаған, күтпеген Мұхаммедке (с.а.с.)
берді.
Пайғамбар болмай тұрып өз басынан, кейбір
байқалған жағдайлар да
бар, бірақ Аллаһ елшісі (с.а.с.) орын алған ерекше оқиғалардан әсерленіп,
өзін бөлек сезініп, мен пайғамбар боламын деп айтпаған. Уахи келмей тұрып
Расулаллаһ (с.а.с.) шынайы түс көретін. Түсінде
көргендері өңінде
орындалып, көз алдында айна-қатесіз қайталанатын. Осындай тылсым сырға
(Пайғамбарлықтан
бұрын болған ерекше оқиғалар «ирхасат» деп
аталады)толы оқиғалардан кейін оңаша қалып ғибадат етуге деген
құштарлығы арта түсті. Бірнеше күн қатарынан Хира үңгірінде оңаша қалып
үздіксіз құлшылық етті. Бұл
құлшылық жанына жағымды келді, рухының
қалауы екенін білді. Анда-санда үйіне келіп тамағын алып, іле қайта кететін.
Күн артынан күн өтіп мұнысы әдетке айналды.
Бірде әдеттегідей үңгірде отырған еді. Кенеттен періште пайда болып:
«Оқы!» – деп бұйырды. «Мен оқи алмаймын», –
дейді Пайғамбарымыз
(с.а.с.) үрейленіп. Осы ұлы оқиға ары қарай: «Мені шап беріп, қапсыра ұстап,
жаным ауырғанша қысып барып қайта босатты да, «Оқы!» – деді. «Оқи
алмаймын», – дедім.
Қайта қысып тұрып, тағы да босатты. Сөйтіп тағы да
«Оқы!» – деп бұйырды. «Мен оқи алмаймын», – дедім. Үшінші
рет қысып
барып босатты да: «
Достарыңызбен бөлісу: