Үңгірде уахи келген кездегі халі мен үңгірден шыққаннан кейінгі
үрейіне қарап өзіне уахи келетінін білмегендігін және күтпегендігін
байқаймыз. Егер білген болса қорықпас еді және бұл жағдайды Хадиша
анамызға айтып үрейленбес еді.
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «Өз-өзімнен үрейленемін» деуі оның бұған
дейін уахи келетінін, пайғамбар болатынын білмегендігін көрсетеді.
Хадиша анамыз Пайғамбарымыздың басынан өткізген жағдайын ағасы
Уарақа ибн Науфалға жеткізген болатын. Сонда ол Хадиша анамызға: «Егер
айтқандарың рас болса, ант етемін, ол – Мұса мен Исаға келген Намус әкбар
(Жәбірейіл). Сөз жоқ, Мұхаммед (с.а.с.) – осы үмбеттің нәбиі. Бар да осыны
жеткіз. Өз- өзіне берік болсын »( Мауарди, Аламун-нубуа, 1/275), – деп
айтады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзінің пайғамбар екендігін білсе, Хадиша
анамыздың немесе оның ағасы Уарақаның айтқанын тыңдауды қажет
етпейтін еді.
Біреу жазушы болуды қаласа, ол қолына қалам алып, кітап оқып, жазу
жазып дайындалатыны сөзсіз. Ал Аллаһ елшісі (с.а.с.) сол заманның
ағысымен жүріп оқу-жазуды білмеген, пайғамбарлыққа дайындық ретінде
үйренбеген де. Әйтпесе, жазу-сызуды үйренуі де мүмкін еді. Алайда Аллаһ
тағала оны пайғамбар ету арқылы, сол заманның және ақиретке дейінгі
аралықтағы барлық ақын-жазушылар мен білікті ғалымдардан үстем етті.
Достарыңызбен бөлісу: