Расулаллаһтың (с.а.с.) өмір сүрген заманы мен ортасында медресе де,
кітап та болмаған. Бұл діннің көне мәдениетке негізделіп құрылуы мүмкін
бе? Әрине, жоқ. Онсыз да Меккеде қара танитындардың саны саусақпен
санарлық қана еді. Ал егер Пайғамбарымыз (с.а.с.) ұстаз алдын көрсе, мұндай
мағлұмат бізге міндетті түрде жетер еді.
Сахабалардың Аллаһ елшісіне (с.а.с.) деген махаббатының көрінісін
пайғамбарлар тари- хы жайындағы кітаптардан кездестіреміз. Кішігірім
естеліктердің өзі үлкен мұқияттылықтың нәтижесінде арада қаншама
ғасырлар өтсе де, ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырған. Ал егер расулаллаһтың
(с.а.с.) өз қолымен жазған кез келген хаты болғанда, оның бізге жетпей қалуы
мүмкін емес еді. Оның жалғыз ұстазы Аллаһ тағала екені аян.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Аллаһтың хикметімен үмми болды.
Құранды
Жәбірейіл періштеден ауызша қабылдап, сахабаларға да ауызша жеткізіп
отырды. Маңыздысы, Құран аяттарының жатталып, көкірекке салынып,
санамызға сіңуінде болмақ.
Сағд ибн Химардың жеткізген бір риуаятындаАллаһ тағала
Пайғамбарымызға (с.а.с.): «Шындығында, мен сені сынаймын, (басқаларды
да) сенімен сынаққа саламын. Саған сондай кітап түсіремін, оны су да шайып
кете алмайды (жүректе жаттаулы сақталады). Сен оны ұйқылы күйде де, ояу
күйде де оқисың», – деген, тағы бір хадисте: «Егер Құран бір теріде жазулы
болғанда, оны от өртей алмайды, өйткені ол көкіректе жаттаулы түрде
сақталған. Тілге жеңіл, жүрекке төреші. Үні мен мағынасы мұғжиза», –
делінген, сондықтан болса керек Исламға дейінгі үмбеттер, мұсылмандарды
сипаттағанда: «Олардың кітаптары көкіректерінде», – деп жаттанды, ми мен
санаға сіңген, жүректен орын алған Құранның ақиретке дейін
сақталатындығын айтқан (Ибн Касир, «Анкабут» сүресі, 48-аяттың тәпсірі) .
Үйрену әлдебір нәрсені білуге деген мұқтаждықтан тумақ. Аллаһ
тағаладан тікелей уахи келгендіктен, Расулаллаһ (с.а.с.)
ілімді бөтен кісіден
үйренуге мұқтаж болмады. Әйтпесе, оның қара танымауын ілімге мән
бермеуінен деу ағаттық. Алғашқы аят «Оқы!» – деп басталып, Құранның
бірнеше жерінде кітапқа, ондағы жазылғандарға ант етіліп «Білімділер мен
білімсіздер тең бе?» – деген салыстырулар түсірілді. Ары-беріден соң,
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Бәдір соғысында қолға түскен тұтқындардың
сауаттыларын өздерінің сахаба- ларына сабақ үйреттіріп, ақысына бостандық
бергізді. « Білім алу мұсылман әйел мен мұсылман ерге міндет », – деп
сахабаларды білімге қызықтырды. Терең үңілсек, Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
оқу-жазу білмеуі оның пайғамбарлық ерекшелігі.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Аллаһтың хикметімен үмми болды. Өзге
философия немесе
мәдениеттен әсерленбеген, ойы саф еді. Құран таза
көңілге уахи етілді. Расулаллаһтың «Біз үмми үмбетпіз» деген сөзін де осы
жағынан қарастыру керек. Бұл хадис- шәріп сауатсыздықты насихаттаудан
аулақ, керісінше, адасқан пәлсапамен санамызды уламауға бұйырады.
Сахабаларға да сол кездегі Рим мен Парсы мәдениетінің ықпалы тимеген.
Құранды түсіну үшін өзге еңбектердің көмегіне жүгінуге мұқтаж емес еді.
Тарих беттерін парақтасақ,
Исламның жік-жікке бөлініп, адасқан