ақысы үшін де кешірім тілеп жалба- рынды.
Мұны көзі көрген сахабалар
Аллаһ елшісінен сөзбе-сөз былай жеткізеді: « Раббымнан үмбетімді
жоймауын сұрадым, дұғам қабыл болды ». Алайда артынша « Олардың
жойылуы өз араларында жүзеге асады. Күнә істеген уақыттарында үмбетіңді
бір-біріне жазалатамын», – деген іле бұйрығы келді.
Мен бұл жазаның да
алынып тастауын тіледім, бірақ Раббым қалдырды ».
Ежелгі замандарда қауымдар күнә істеп шектен шыққанда көктен от
түсіп, не болмаса табиғат апаттары түп-түгел
жер бетінен ізім-қайым жоқ
қылатын, бірақ Мұсылман үмбеті күнә істегенде Аллаһ тағала бір- біріне
жазалатады,
өзара алауыздық тудырып, бірімен- бірі жаға жыртысып, бір-
бірін көрместей халге жетеді. Күнәдан
аулақ болып, Аллаһ пен Елшісінің
(с.а.с.) айтқанына амал еткен үмбетте бірлік пен тыныштық әрқашан үстемдік
құрады.
Достарыңызбен бөлісу: