келіп тізе бүгіп, біраз уағыз айтты. Әбу Жәһил: «Мұхаммед, егер мұның
бәрін о дүниеге барғанда дағуатыңа куә болсын деп айтып жатсаң, қиналмай-
ақ қой, өзім-ақ куәлік етем. Бар сұрайтыным, қазір менің мазамды алма», –
деді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) ренішті күйде тұрып кетіп қалды. Мен Әбу
Жәһилден: «Шынымен, оған сенбейсің бе?» – деп сұрадым. Сонда: «Негізі,
Мұхаммедтің пайғамбар екенін білемін, бірақ Хашим ұрпақтарымен ежелден
бері келе жатқан бәсекелестік бар. Олар келген қажыларға тамақ пен су
беріп, сонысымен мақтанады. Енді соңғы пайғамбар да бізден шықты десе,
оған шы- дай алмаймын», – деп жауап берді» (Ибн Әби Шәйбә, Мусаннаф,
7/255-256) .
Басқа бір риуаятта құрайыштық Харис ибн Амр: «Сөзіңді жалған
демейміз, айтқаныңның бәрі рас, бірақ саған еретін болсақ, беделімізден
айырыламыз. Сол үшін иман етпейміз», – деген болатын.
Мұндай ой мен сөз тек бір-екі кісіге ғана емес, көпшілікке тән еді.
Үрей, көкіректік, бірбеткейлік сияқты мінездері иман етулеріне мүмкіндік
бермеді. Ең сорақысы сол: бұл бейшаралар біле тұра Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) сөзіне қарсы шығушы еді. Құран мұндай адамдардың халін баяндай
келіп әрі расулаллаһты жұбата отырып: «
Достарыңызбен бөлісу: