Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


«Күмәнсіз көктер мен жердің



Pdf көрінісі
бет44/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

«Күмәнсіз көктер мен жердің 


жара- тылуында, түн мен күндіздің алмасуында әлбетте ақыл иелері 
үшін дәлелдер бар 
(Тарғиб, 2 т. 32 б)
. Олар тіке тұрып, отырып, 
жамбастап жатып (кез келген жағдайда) Аллаһты еске алады. Сондай-ақ 
олар көктер мен жердің жаратылуы жайында ойланады да: «Раббымыз! 
Сен мұны босқа жаратпадың. Сен пәксің, бізді от азабынан сақта!». 
«Раббымыз! Сен кімді отқа салсаң, расында оны қорладың, 
залымдардың ешқандай жәрдемшісі жоқ». Раббымыз! Біз: Раббыларыңа 
иман келтіріңдер (деп) шақырған шақырушыны естіп, иман келтірдік. 
Раббымыз! Күнәларымызды жарылқап, жамандықтарымызды кешір, 
жақсылармен бірге өмір бер! Раббымыз! Бізге елшілеріңе уәде 
еткендеріңді бер, сондай-ақ бізді қиямет күні қор қыла көрме. Күдіксіз 
Сен уәдеден ешқашан да таймайсың»
(«Әли Имран» сүресі, 189-193) – 
деген аятты оқыды», – деп баяндайды.
Аллаһқа жақын болу мен хақ дінді жаю ісін тең ұстаған, өне бойы 
биязылық пен әдептілікке тұнып тұрған Пайғамбарымыз (с.а.с.) қай жағынан 
алғанда да, барша адамзатқа үлгі.
Бір күні Ибн Масғуд Аллаһ елшісінің нәпіл намаз оқып тұрған кезіне 
жолығады. Көп ойланып жатпастан дереу оның артына ұйып тұра қалады. 
Бұл оқиғаны өзі былай баяндайды: «Артына ұйып тұра қалдым, небәрі екі-ақ 
рәкат намаз еді, бірақ Аллаһ елшісі сүрелерді ұзақ оқыды. «Бақара» сүресін 
бітіргенде рукуғқа баратын шығармыз деп ойладым, бірақ ол «Әли Имран» 
сүресіне өтті. Ол біткенде, «Енді рукуғқа баратын шығармыз», – деп, көңілім 
байыз таппай тұр еді, іле «Ниса» сүресін бастап кетті. Рукуғқа бармастан 
«Мәида» сүресін де оқи бастады. Алғашқы рәкаттың өзінде-ақ осы төрт 
сүрені, яғни Құранның 124 бетін оқыды. Шыны керек, сол уақытта маған бір 
ой келді. Жанында отырған сахабалар: «Не ойладыңыз?» – деп сұрағанда, 
Ибн Масғуд: «Сабырым жетпей кеткендіктен, намазды сол жерден үзсем бе 
екен дедім» (Кандаһлауи, Хаятус -сахаба, 3/503.) – дейді.
«Аллаһ елшісінің бойында сендерге үлгі боларлық көп қасиеттер бар» 
деп Құранда айтылғандай, Пайғамбарымыз (с.а.с.) ғибадатты орындауда іс 
жүзінде барша мұсылмандарға үлгі көрсеткен. Бұны Ибн Масғуд секілді ең 
алдыңғы қатарлы сахабаның өзі оның оқыған намазына шыдай алмағанынан-
ақ аңғаруға болады. Аллаһ елшісінің құлшылықта әрқашан алда болғаны 
осыдан-ақ белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет