Бұл жайлы Пайғамбарымызға Құранда былай дейді: «
Ей, Расул!
Раббыңнан саған түскендерді халыққа жеткіз. Егер іске асырмасаң, онда
жүктелген елшілік міндетіңді дұрыс орындамаған боласың. Аллаһ сені
адамдардан сақтайды. Күдіксіз, Аллаһ кәпірлерді мақсат-мұратына
жеткізбейді
» («Мәида» сүресі, 67) .
Яғни, дінді жеткізу жолында жіберген әр кемшілігің – пайғамбарлық
міндетіңді орындау барысындағы кемшілік. Бұл
сенің жеке өміріңе ғана емес,
сонымен қатар, барша адамдардың жеке әрі қоғамдық өміріне зиянын
тигізеді. Сенің міндетің – күллі
адамзатты жарыққа жетелеп, нұрға бөлеу.
Егер орындай алмасаң, онда барлық адамдар қараңғылықтан көз ашпайды.
в) Фәтанат (зеректік)
Пайғамбарымызды адамзаттан оқ бойы озық еткен қасиеттерінің бірі –
оның фәтанаты. «Фәтанат» сөзі біздің түсінігімізде «даналық, парасаттылық,
зеректік, көрегендік» деген мағынаға саяды. Егер оның мұндай қабілеті
болмағанда, халықтың ғасырлар бойы қанына сіңіп қалған әдеттерін жойып,
елдің ділін өзгерте алмас еді.
Фәтанат жағынан да оның деңгейіне ешкім жете алмайды.
Пұтқа
табынушыларды тура жолға шақырғанда: «
Мына тастан, ағаштан,
топырақтан қандай үміт күтесіңдер?
» – деп алдымен адамға ой салып,
содан кейін, Аллаһты түсіндіру, мұғжиза көрсету арқылы өзіне тартып, жан-
жүрегін баурап алатын. Мысалы, хазірет Омарды (р.а.) Исламға шақырғанда:
«Сен секілді ақылды адамның Исламды әлі қабылдамай жүргені қалай?
Сендей
адамның тастан, топырақтан және ағаштан бір нәрсе күтіп құрақ
ұшқаны ақылға сыймайды», – деген. Әуелі осы
сөздерде Омарды дәріптеу
байқалады. Аллаһ Расулы алдымен салмақты ой тастап,
ерекше ілтипатпен
хазіреті Омарды өзіне тартқан. Содан кейін ғажайып мінезімен оның жүрегін
баурады. Үшінші кезеңде құлшылықтағы тереңдігімен өзіне үйіріп әкетіп,
нәтижесінде түйелерді мойнынан бұрап жерге жығатын Омар Аллаһ
елшісінің алдында әдепті баладай тізерлеп,
басын төмен салып, құрмет
көрсететін жағдайға жетті.
Достарыңызбен бөлісу: