«адамдарға фитнә (сынақ) болуы
үшін...»
деген сөз бар. Материалдық әлемнің ар жағында рухани әлем бар
екенін Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұрыннан айтып жүретін. Мүшріктер үшін бұл
үйреншікті нәрсе еді. Онсыз да түстерінде мүмкін емес небір нәрселерді көре
алады. Сол түсті екінші біреуге айтқанда, анау түк болмағандай тыңдап тұра
бермей ме? Ал аталмыш аятта
« адамдарға сынақ болу үшін »
делінген.
Демек, Аллаһ құлдарын осы жолы жаңа бір сынақпен сынаған. Көкке дене
мен рух көтерілді дегенді естіген мүшріктер бірден даурығып, мұның мүмкін
емес екенін айтып шулап қоя берген. Егер оқиға рух пен денеге де қатысты
болмағанда, мүшріктер Пайғамбарымызға (с.а.с.) қарсы шығып жатпас та еді.
4. Исра-Миғраж оқиғасында дене мен рухтың бірге көтерілгенін айтқан
хазірет Әбу Бәкір (р.а.), хазірет Омар (р.а.), хазірет Осман (р.а.), хазірет Али
(р.а.) сынды саңлақ сахабалар мен үмбеттің пікірі бір арнада тоғысқан.
5. Осы оқиғадан кейін Үммі Ханидың да, тіпті Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) өзі де толқығаны анық.
6. Егер рухпен қатар дене де Миғраж түнінде көкке көтерілмегенде, бұл
пайғамбар мұғжизасы болмас еді.
7.
«Мұхаммедтің көзі оңы мен солына таймады. Жеңіл-желпі де
қарамады. Ол, шынында, Раббының ұлы белгілерін көрді »
(«Нәжм»
сүресі, 17-18) . Бұл жерден де Миғражда дене мен рухтың бірге шыққанын
байқаймыз, өйткені аяттағы «көзі оңы мен солына қарамады» деген сөз
Расулаллаһтың (с.а.с.) денесімен көтерілгенін білдіреді.
8. Хазірет Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Ақса мешітінде көпшілік
пайғамбарларға намаз оқытқаны да оның миғражға денесімен шыққандығына
айқын дәлел.
43. Миғражда тозақтағы күнәһарлардың жазалануын көрген бе?
Пайғамбарымыз (с.а.с.) миғражға шыққанда, жүзі жылы періштелерді
көргеннен кейін жүзі суық, еш күлмейтін, тозақтың қарауылы болған Малик
атты періштені көреді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) бұл періштенің кім екенін
Жәбірейіл періштеден сұрап білгеннен соң, Жәбірейілге: «Оған тозақты
көрсетуін бұйырасың ба?» – дейді. Жәбірейіл періштеге: «Ей, Малик!
Мұхаммедке (с.а.с.) тозақты көрсет!» – дейді. Малик тозақтың үстіндегі
жабуын ашқанда, қайнап тұрған тозақ одан сайын қайнай түседі. Алдына
түскеннің барлығын жағып жіберетінін көрген Пайғамбарымыз (с.а.с.)
Жәбірейілге: «Ей, Жәбірейіл! Маликке бұйыр, оны қайта орнына қайтарсын»,
– дейді. Жәбірейіл (а.с.) тозақты орнына қайтару үшін Маликке әмір етті.
Оның «тыныштал» деген бұйрығынан соң тозақ шыққан жеріне қайта
орнықты, Малик періште оның үстіне жабуын қайта жауып қойды (Ибн
Исхақ. Ибн Һишам, Сира, 2 т, 45-46 б) .
Пайғамбарымыз (с.а.с.) тозақта сусыз азапталып жатқандарды, азап
кісендері мен шынжырларын, азаптаушы жылан мен шаяндарды және басқа
да түрлі азаптауларды көрді (Ибн Асир, Камил, 2 т, 55 б) . Бұл жайында
Аллаһ елшісі (с.а.с.) былай деген:
«(Тозақта) түйенің ерніндей салпиған
еріндері бар біреулерді көрдім. Жандарында жүрген бірнеше жазалаушы
әлгілердің еріндерін кесіп алып, ауыздарына қызып тұрған тасты салады.
Жалын шашқан қара тастар бұлардың артынан шығады. Мен Жәбірейілден
(а.с.) бұлардың кім екенін сұрағанымда: «Жетімнің малын жегендер», – деді.
Тағы бір топ адамның терісі сыпырылып алынады да, ауыздарына
тығындалады. Оларға: «Жегендеріңдей жеңдер», – делінеді. Көрген жанның
жүрегі ауыратындай жиіркенішті көрініс. Жәбірейіл (а.с.) маған бұлардың
елді қудалап, іріткі (фитнә) шығарып, жұртқа тіл тигізіп, намыстарын
аяққа таптаған күнәһарлар екенін айтты. Тағы бір топ біреулердің алдына
дастарқан жайылып, мен көрген еттердің ең жақсысынан дайындалған
кәуаптармен қатар өлексе қойылыпты. Әлгі кісілер тәуір етті жемей, бәрі
бірдей өлексеге қарай ұмтылып соны жеді. Жәбірейіл (а.с.) олардың дүниеде
Аллаһтың халал еткенін емес, харам еткен ісін істеген зинақорлар екенін
айтты. Тағы бір адамдардың үйдей-үйдей қарынын көрдім. Бұлар Перғауын
отбасының жолын ұстанғандар екен. Перғауын отбасы таң мен кеште
отқа тасталғанда, бұларға келіп соғылады екен. Сосын қарыны ауыр ба-
сып құлап түседі. Артынша перғауын отбасы бұларды
таптап жаншып
өтеді. Жәбірейіл (а.с.):
Достарыңызбен бөлісу: |