Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


 Үмбетін қаншалықты жақсы көрді?



Pdf көрінісі
бет54/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

46. Үмбетін қаншалықты жақсы көрді? 
Мұсылман 
үмбеті 
Аллаһ 
елшісін 
жақсы 
көргені 
секілді 
Пайғамбарымыз да үмбетін өте қатты жақсы көрді. Тіпті жанындағыларды 
сахабаларым десе, өзінен кейін келетін біздер мен ақиретке дейінгі келетін 
мұсылмандарды «бауырларым» деп өзіне жақын тартқан.
Әнас ибн Мәлик былай дейді: «Бір күні Аллаһ елшісі (с.а.с.) Әбу Бәкір 
және Омармен бірге Айшаның үйінде болатын. Мен ол кезде жасым он бесте 
еді. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Шіркін, бауырларыммен жолыққанда ғой! Оларды 
қатты сағындым!» – дейді. Сонда Әбу Бәкір: «Уа, Аллаһтың елшісі! Біз сенің 
бауырларың емеспіз бе?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «
Сендер 
менің сахабамсыңдар, менің бауырларым мені көрмегендер. Мені растап
иман келтіргендер, мені қатты жақсы көретіндер. Тіпті олар мені өзінің 
баласынан да, әкесінен де артық жақсы көреді. Ей, Әбу Бәкір! Мен сені 
жақсы көргенім үшін олар сені де жақсы көреді, мұны қаламайсың ба?»
– 
деп сұрағанда, Әбу Бәкір: «
Қалаймын, Аллаһтың елшісі !»
– дейді. Сонда 
Аллаһ елшісі (с.а.с.): « 
Менің саған деген сүйіспеншілігім үшін олар сені 
жақсы көреді, мен де оларды жақсы көремін
», – дейді (Шархул-Мәзәхиби 
Әһлі Сунна 100-хадис.) . Осылайша Аллаһ елшісі (с.а.с.) өзінен кейін келетін 
мұсылман үмбетін қатты құрметтейтінін, тіпті өте жақсы көретінін білдіріп, 
оларды «бауырларым» деп атаған. Алайда дүниеде бауырларын көрмесе де 
ақиретте өзінен кейінгі келген үмбетінің баршасын қалайша танитындығын 
мына сөзімен түсіндіреді.
Әбу Хұрайра риуаят еткен хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.) бір күні 
мазарға барып: « 
Ей, қабір иелері, Аллаһтың сендерге сәлемі болсын. 
Иншаллаһ, бір күні біз де сіздердің қатарларыңа қосыламыз», – дейді де, 
артынша: «Бауырларымды сағындым, оларды көргім келеді», – дейді. Сонда 
сахабалар: «Аллаһтың елшісі, біз сенің бауырларың емеспіз бе?!» – деп 
таңданғанда, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сендер менің сахабамсыңдар, ал 
бауырларым әлі келген жоқ», – деп сөзінің астарын түсіндіреді. Артынша 
сахабалар: «Аллаһтың елшісі, үмбетіңнен әлі келмегендерді қалайша 
танисың?» – деп сұрағанда, Аллаһтың елшісі (с.а.с.): «Бір адамның маңдайы 
қасқа, аяқтары ала аты болса, оны бір топ қара аттардың ішінен тани ала 
ма?» – деп сұрайды. Сахабалар: «Әрине, тани алады», – деп жауап берді. 
Артынша Аллаһ елшісі (с.а.с.): (Менен кейін келетін) бауырларым да дәрет 
алғандықтан жүздері мен аяқтары нұрлы күйде жарқырап келеді. Мен 
олардан бұрын (жаннатқа) барып, бұлақтың басында қонақ ету үшін 
күтемін...» 
(Хадистің жалғасы: «Байқаңдар! Түйенің өз келесінен қуылғаны 
секілді кейбіреулер менің де бұлағымнан қуылады. Мен оларға «Келіңдер 
мұнда» дегенде маған: «Олар сенен кейін басқа жолды таңдап адасты, үлкен 


күнә істеді» деп айтылады. Содан кейін мен де: «Онда бізден аулақ кетсін
аулақ деймін») деп ақиретке дейінгі келетін үмбетін қалай танитындығын әрі 
оларды күтетіндігін айтқан (Мүслим,Тахарат 39 ) .
Аллаһ елшісі (с.а.с.) өзін көрген сахабаларды да, өзінен ақиретке дейін 
келетін бауырларын да қатты жақсы көреді. Ол (с.а.с.) өте мейірімді әрі 
кешірімді. Құран кәрімде Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) асқан 
мейірімді, үмбетіне жанашыр екендігін бейнелеп, үмбетінің қиналғаны оған 
ауыр келетінін білдіріп былай деген: 
ٌميِحَّر ٌفوُءَر َنيِنِمْؤُمْلاِب مُكْيَلَع ٌصيِرَح ْمُّتِنَع اَم ِهْيَلَع ٌزيِزَع ْمُكِسُفنَأ ْنِّم ٌلوُسَر ْمُكَءاَج ْدَقَل


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет