Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


«Расында, сендерге араларыңнан ардақты бір пайғамбар келді



Pdf көрінісі
бет55/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

«Расында, сендерге араларыңнан ардақты бір пайғамбар келді. 
Қиналғандарың оған ауыр тиеді. Сендерге өте ынтық. Мүминдерге өте 
жұмсақ, ерекше мейірімді»
(«Тәубә», 128) .
Аяттағы «рауф, рахим» Аллаһ тағаланың көркем сипаттарына жатады. 
Алайда 
Пайғамбарымыздың 
үмбетіне 
деген 
шексіз 
мейрімінен, 
жұмсақтығынан Аллаһ тағала бұл екі сипатты Пайғамбарымызға (с.а.с.) 
берген. Осы сәтке дейін ешбір пайғамбарды мұндай Аллаһтың екі көркем 
сипатымен сипаттаған емес. Аятта мұсылмандардың қиналғандары оған
ауыр келетіні айтылған. Біреу ауырса дереу өзі баратын немесе біреуді 
жіберіп жағдайын сұраттыратын. Аш болса қолындағыны беріп қажетін 
тауып беретін. Бір хадисінде «
Кімде-кім артына дүние қалдырса, ол 
туыстарына қалады. Ал кімде-кім артынан қарыз немесе бағуға мұқтаж 
адам қалдырып дүниеден озар болса, қарызының өтелуі мен бағылуы керек 
адамға мен жауаптымын
» (Мүслим, Фараиз 15) деп уәде еткен. Бір сөзінде 
Аллаһ елшісі (с.а.с.): « 
Шындығында, мен сіздерге әке секілдімін
», – деп 
мұсылман үмбетіне қаншалықты жақын, жанашыр екендігін әке мен баланың 
қарым-қатынасына ұқсатқан. Әке баласына қалай мейірімді, тіпті тапқан 
табысы мен өмірін соған арнаған болса, Пайғамбарымыз да өмірін үмбетіне 
солай бағыштаған. Құранда Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жұбайлары 
мүміндердің аналары екендігі айтылса, бұл хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
барша мүміндердің әкесіндей жанашыр екендігін білдірген.
Үмбетіне әрдайым дұға ететін
Аллаһ елшісі ақиретке дейінгі мұсылман үмбетінің барлығы үшін дұға 
етіп жалбарынатын. Түнгі тәтті ұйқысын бұзып, жылы төсегінен тұрып таң 
атқанға дейін үмбеті үшін Аллаһ тағалаға жалбарынып дұға тілейтін. Бір күні 
Пайғамбарымыз екі қолын жайып: « Аллаһ тағалам, үмбетімді қорға, 
үмбетіме мейірімді бол!» – деп дұға тілеп отырғанда, Аллаһ тағала 
Жәбірейілге: «Ей, Жәбірейіл! Шындығында, Раббың барлық нәрсені білуші, 
сен барып, Мұхаммедтің не үшін жылап отырғанын сұра», – дейді. Жәбірейіл 
келіп, жылауының себебін сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған үмбеті 
үшін жылағанын айтты. Жәбірейіл Аллаһтың құзырына барып 
Пайғамбарымыздың сөзін жеткізді. Сонда Аллаһ тағала: « Ей, Жәбірейіл, 
Мұхаммедке бар да мынаны айт: «
Біз сені үмбетің жайлы қуандырамыз, еш 
ренжітпейміз
», – деп хабар жеткіздірді. Пайғамбарымыздың да қалауы осы 
болатын.


Айша анамыз былай дейді: «Бірде көңілді күйін көріп: «Уа, Аллаһтың 
елшісі! Мен үшін дұға тілейсің бе?» – дедім. Ол: «Аллаһ тағалам, Айшаның 
өткен және келер, жасырын және жария күнәларын кешіре гөр», – деді. Айша 
(р.а.) бұған қатты қуанды. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) Айшаға: «Бұл дұғам 
сені қуанттыма?Аллаһтың атымен ант етейін, шындығында, бұл дұғаны 
үмбетім үшін әр намазда оқимын» (Сахих ибн Хиббан 47/16) деген. Барша 
пайғамбарларға жауапсыз қалдырылмайтын бір дұға нәсіп етілген. Алайда 
олар дұғаларын дүниеде қолданды. Ал Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) дұғасын 
ақиретке қалдырды. Ақиретте үмбетінің қиын сәтінде шапағат ету үшін 
сақтады.
Қайта тірілгенде, қыл көпірде, есеп бергенде қол ұшын созып, үмбетін 
уайымдап жүреді. Дүниеде баласы үшін жанын беруге дайын ана қорқыныш 
пен үрейлі махшар күні баласынан қашатын күн туады. Міне, осындай күні 
тіпті пайғамбарлардың барлығы өз басын уайымдауға көшкенде Мұхаммед 
пайғамбарымыз (с.а.с.) «үмбетім, үмбетім» деп үмбетінің жағдайына 
алаңдайды. Бұл жағдайды Аллаһ елшісі (с.а.с.) өз сөзінде былайша 
баяндайды: « 
Қиямет күнінде адамзаттың басшысы мен боламын. Не үшін, 
білесіңдер ме? Аллаһ тағала барша адамзатты тегіс бір жерге жинайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет