Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


 Күнәсіздігін қалай түсінеміз?



Pdf көрінісі
бет63/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

49. Күнәсіздігін қалай түсінеміз? 
Аллаһ тағала адамдар арасынан пайғамбар таңдағаннан кейін оларды 
жан-жақты қорғаған. Бұл қорғау исмәт сипатына, күнәсіздікке алып келген. 
Ең кішкентай қателіктен де қорғалған, себебі соларға қарап бой түзейтін, 
артынан ерген тұтас үмбет бар.
Адам баласы иман, сенім және амалдарға тиісті барлық діни үкімдерді 
пайғамбар арқылы үйренеді. Әрі екі дүниенің бақытына қол жеткізуі үшін, 
Пайғамбардың, дінді ең кәміл түрде ұстанғанын көруі қажет. Ал егер 
жолбасшының өзі күнәға бой алдыратын болса, онда пайғамбардың соңынан 
ілесудің нендей парқы болмақ?


Тағы бір жағынан пайғамбарларға уахи әкелетін үлкен сенімге ие әрі 
ұлық міндетті арқалаған Жәбірейіл
 
періште бар. Құран кәрім Жәбірейіл (а.с.) 
туралы: «
Көкте періштелер оған бағынады. Ол сенімді
» («Тәкуир» сүресі, 
21) деген. Ол Аллаһқа шын берілген, уахиға ең сенімді періште. Құранды 
жеткізуші періштеде осы қасиеттер ерекшеленсе, оны халыққа жеткізетін 
пайғамбарда да осы сипаттың көрінуі орынды. Ұлы Рахман осы бір қасиетке 
толы міндетті бойында күнәнің кірі бар адамға жүктемесі анық.
Көңілінің көрсоқырлығы иман етуіне кедергі етіп, иманның шуағына 
шомыла алмай кеткен дін дұшпандарының өзі Пайғамбарымыздың (с.а.с.) 
өне бойынан иненің ізіндей де мін таппаған. Ақиқатқа көзі қанықса да, 
мойындауға ары жібермей, қанша жерден қаскөйлік танытса да, Аллаһ 
елшісінің алдында мысы құрыды. «Сиқыршы», «жынды» деп жалған сипат 
таңса да, исмәтына (күнәсіздігіне) тиісе алмады.
50. Жеке басы күнәсіз бола тұра неге Аллаһтан кешірім сұрап 
истиғфар еткен? 
Құран кәрімде Аллаһ тағала 
«Аллаһтан кешірім сұра. Күмәнсіз, 
Раббың өте кешірімді,өте мейірімді»
(«Ниса» сүресі, 106) деген және тағы 
басқа аяттарда («Әй, Мұхаммед, сабыр ет. Күмәнсіз, Аллаһтың уәдесі ақиқат. 
Кемшілігіңе кешірім тіле. Таң мен кеште Раббыңды мадақтап пәкте» 
(«Мүмин», 55), «Біліп қой, Аллаһтан басқа құдай жоқ. Өз күнәң үшін және 
мүмин еркек-әйел үшін кешірім тіле. Аллаһ сендердің бұ дүниеде 
істегендеріңді, о дүниедегі баратын жерлеріңді біледі» («Мұхаммед», 19), 
«Аллаһтың көмегі мен жеңісі келген кезде, адамдар топ-тобымен Исламға 
кіргенде Раббыңды мадақта, пәкте, кешірім сұра. Күмәнсіз, Ол тәубені қабыл 
етуші» («Наср», 1-3)
)
хазірет пайғамбарға (с.а.с.) истиғфар ету керектігін 
айтқан. Сонымен қатар, бірнеше хадистерде де Аллаһ елшісінің (с.а.с.) 
истиғфар (кешірім тілеу) еткенін көреміз. Бұлай истиғфар етуінің мәні 
мынада:
1. Барлық жақсы амалдардың ішіндегі ең жақсысын істей алмай 
қалғандығы үшін Ұлы Рахман тәубе етуді бұйырған.
2. Истиғфар бір жағынан ғибадат болып саналады, сондықтан 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кей риуаяттарда жетпіс рет, кей риуаяттарда жүз 
рет истиғфар еткендігі айтылады.
3. Айтқандарының барлығын алдымен өзі орындап, үмбетке өнеге 
көрсеткенде, истиғфар етуде де үлгі болуды мақсат еткен.
4. Истиғфарды ізгі амалдарды көбейтуге, жүрек қаламайтын нашар 
әдеттерден бойды аулақ салу үшін де жасаған.
Истиғфар – кешірім тілеу, күнәдан тазаруға сеп бірден-бір амал. 
Күнәдан сақтанған адам – нәпсі қалауынан туындайтын жамандықтарды 
жуып-шайған адам. Ал мағфират «Бізді жаман жолға түсірме» деп 
жалбарыну.
Пайғамбарлар Аллаһ тағалаға истиғфар еткенде «истиғфар-зәнб» сөзі 
қолданылған. Бұл жердегі «зәнб» сөзі «күнә» деген мағынада емес, кішігірім 


жаңылысуға саяды. Айта кететін тағы бір мәселе, кісінің ұмытып немесе 
жаңылысып бір нәрсені істеуі ешқандай күнә да, кінә да емес. Ал 
пайғамбарлар биік дәрежесіне сай, бұл үшін көп кешірім сұрап тәубе еткен, 
өйткені сол пайғамбарлардың сөзі мен жүріс-тұрысынан діннің негіздері 
қалыптасты емес пе? Бұл аса мұқияттылықты талап ететін үлкен 
жауапкершілікте сәл жаңылыс шығып жатса, Аллаһ тарапынан түзету келіп, 
не болмаса алдын-ала хабар келіп отырған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет