Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


«Аллаһ ақиқатты баяндауды ар санамайды»



Pdf көрінісі
бет71/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

«Аллаһ ақиқатты баяндауды ар санамайды»
(«Ахзаб» 
сүресі, 53) деген аятты оқиды (Мүслим, Хайз 29 ) . Осы жағдайдан кейін олар 
бір мәселенің төңірегінде сұрақ туындар болса, дереу осы аятты оқып 
сұрағын қоятын болған.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Шифа деген мұһажир әйелге Хафса анамызды 
оқып-жазуға үйрететін мұғалім етіп тағайындаған (Ибну Асир, Усудул-ғаба 
7,162) . Ол кісі отбасында болған барлық жағдайды бақылап жүретін, егер 
жағымсыз іс-әрекет орын алса, дереу оның дұрысын үйрететін. Бірде Айша 
сіңлісі Әсмамен бірге отырғанда Пайғамбарымыз (с.а.с.) ішке кіріп келеді. 
Әсма жеңі кең киіммен (Шам елінің киімі) отырған. Мұны көрген 
Пайғамбарымыз дереу қайта шығып кетеді. Сонда Айша (р.а.) Әсмаға: «Сен 
шық, Аллаһ елшісі сенен ұнатпаған нәрсені көрді», – дейді. Әсма шығып 
кетеді. Үйге қайта кіргенде Айша Пайғамбарымыздан неге шыққанын 
сұрайды. « Мүлдем байқамадың ба? Бір мұсылман әйелдің тек мына жерлері 
ашық жүруіне болады», – деп, қолымен Айшаның (р.а.) жеңін созып, 
саусақтарына дейін жабады, сосын самайына дейін басын жабады да тек 
жүзін ашық қалдырады (Хайсами 5/137) . Осылайша Аллаһ елшісі (с.а.с.) 
әйелдеріне ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін үйретіп жүретін.
Расулаллаһ әйелдердің мешітке баруына кедергі болмаған. Олар түнгі 
уақытта да мешітке бара алатын. Айша (р.а.): «Біз Аллаһ елшісімен бірге 
мешітте намаз оқып, таң ағара бастағанда орамалдарымыз жабылған күйде 
үйге оралатынбыз», – дейді.
Ислам діні – ақырғы дін. Ислам шариғаты– қияметке дейін келетін 
адамдардың барлық мұқтаждықтарын өтей алатын ауқымға ие. Сол үшін 
өмірдің ешбір кезеңін көзден таса етпеген. Тіршіліктің барлық ұсақ- түйегіне 
дейін қамтыған Ислам дініндей ешқандай дін де, жүйе де тарихта болмаған. 
Тамақ жеу мен ұйықтау әдебінен бастап, ғибадат пен туыстық қарым- 
қатынастар, кісінің өзін-өзі ұстауы – бәріне де жарлары куә болып, кейінгі 


ұрпаққа жеткізген, өйткені олар күні- түні Расулаллаһтың жанынан табылды. 
Олай болмаған жағдайда бәлкім біз түнгі намазды, болмаса ұйықтау әдебін, 
әйелдерге қатысты түрлі шариғи үкімдерді біле алмас па едік, кім білсін? Бұл 
ауыр жүкті бір адамның арқалауы мүмкін емес. Осы тұрғыдан келген
де, 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жұбайлары шариғатты бізге үйретер ұстаздар 
іспетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет