Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


 Үйленуінде саяси мақсат болды ма?



Pdf көрінісі
бет72/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2

59. Үйленуінде саяси мақсат болды ма? 
Аналарымыздың бірнешеуі – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) белгілі бір 
саяси мүддені көздеп алған әйелдері. Әр елге құда түсе отырып, сол елдерге 
Исламды жеткізу тек осы жолмен ғана іске аспақ еді. Бұрындары Исламмен 
ата жауындай өштескен рулар қыз алысу арқылы аралары жібіп, жұмсара 
түсті. Мысалы, Жүбәйра бинт Харис, Сафия бинт Хуяй, Рәмла бинт Әбу 
Суфиянмен құрған отаулары осы мақсатта болған. Бұл үш анамыз да өз 
руының тізгінін ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайтын бір-бір 
жуанның қыздары еді. Алғашқы екеуінің әкесі – яһудилердің белді адамдары. 
Осы арқылы яһудилермен арадағы қатынас оңала түскен. Жүбәйра – 
Мұсталақ тайпасының басшысының қызы. Соғыста тұтқынға түседі, 
азаттыққа қауышу үшін оның ақысын Аллаһ елшісі өзі төлеп, азат етеді. 
Пайғамбарымыздың бұл жақсылығын естіген оның әкесі мен екі баласы 
мұсылмандықты қабылдайды. Жүбәйра Аллаһ елшісімен үйленеді, тұтқынға 
түскен оның туыстарына: «Біз Пайғамбарымыздың әйелінің туыстарын 
тұтқын етпейміз», – деп азаттық беріледі. Осылайша ру басшысы мен оның 
қарамағындағыларға Ислам діні насихатталады.
Әбу Суфиян қызын бере отырып өзі де мұсылман болған. Ислам 
осыдан бастап Әмәуилермен қоян-қолтық араласа бастайды.
Кейінгі уақыттарда да осы әдіс қаншама патшалар тарапынан 
қолданылған. Ал мұсылмандар әлсіз болған кездерде бұл әдіс мұсылмандарға 
қарсы қолданылған. Ислам дұшпандары жансыз етіп қыздарын беріп, сол 
арқылы мемлекеттің ішкі құпия істерін біліп, аңысын аңдып отырған. Бұл 
жерде ескерерлік бір жайт Пайғамбарымызға (с.а.с.) қанша мәрте ансарлық 
қыздарды ұсынса да үйленбеген және ансарларға да қыз бермеген. Осылайша 
ансарлықтармен арасында туындайтын қайшылықтың алдын алған. Егер 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) ансарлықтарға қыз беріп, туыс болғанда олар: «Біз 
Аллаһ елшісіне (с.а.с.) ең жақын туыспыз», – деп мұсылмандар арасында 
қызғаныш пайда болып, келіспеушіліктер туындауы мүмкін еді, сондықтан 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) барлығына теңдей қараған.
Аллаһ елшісінің үйленуді саяси мақсатта қолдануының басты үлгісі 
төрт халифамен құрған туыстық байланысы. Иә, Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
өзінен кейінгі Исламның тірегі болған төрт халифаны туыстық қатынас 
арқылы өзіне жақын ұстаған. Мысалы, Аллаһ елшісі (с.а.с.) Әбу Бәкір мен 
Омардың қыздарымен үйленді, Али мен Османға қыздарын берді. Алимен 
туыс еді, сонымен бірге қызы Фатиманы беріп күйеу бала ретінде одан да 


жақын туыс болды. Османға екі қызын беру арқылы онымен арасын екі есе 
жақындатты.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Омардың қызы Хафсамен үйлену арқылы, 
Омардың Әбу Бәкірмен және Османмен арада болған реніштерін ұмыттырып, 
татуластырып, бір-бірімен дос ете білді.
Мақсатсыз іс қылмайтын Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әйел алуының да 
астарында Аллаһтың дініне деген қызмет түсінігі жатқан. Өзінің жеке өмірлік 
мәселелерін де Аллаһ жолына сарп еткен, өйткені оның жалғыз ғана мақсаты 
Исламды адамзаттың барлығына жеткізу болатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет